Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы"30 қаңтардағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5134 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.05.2021 № ҚР ДСМ - 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.05.2021 № ҚР ДСМ - 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы"30 қаңтардағы
N 27 бұйрығына
1-қосымша

Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.05.2021 № ҚР ДСМ - 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
N 27 бұйрығына
2-қосымша

Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.05.2021 № ҚР ДСМ - 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 14 мамырдағы
№ ҚР ДСМ - 40 Бұйрыққа
қосымша

Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі

      Ескерту. Бұйрық қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.05.2021 № ҚР ДСМ - 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 24.05.2023 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Медицина.

      2. Педиатрия.

      3. Стоматология.

      4. Медициналық-профилактикалық іс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады