Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 55 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5638 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-6-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева) :
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                  Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27
наурыздағы N 55 қаулысымен 
      бекітілді          

Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі

      1. Осы ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      2. Ислам арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткеннен кейін ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш береді.
      3. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш еркін нысанда жасалып, ислам арнайы қаржы компаниясының бірінші басшысы қол қояды және өтініште ислам арнайы қаржы компаниясының атауы туралы мәлімет (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес) және ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен күні көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Егер басқа Қазақстан Республикасының заңды актілерімен немесе оригинатордың жарғысымен анықталмаған болса, уәкілетті органның ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруды немесе таратуды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішке ислам арнайы қаржы компаниясының оригинаторының директорлар кеңесімен (бақылаушы кеңес) қабылданған ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесін қоса береді.
      5. Уәкілетті орган мына негіздердің кез келгені бойынша ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тартады:
      1) уәкілетті орган бекіткен ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есептің болмауы;
      2) егер басқа Қазақстан Республикисының заңды актілерімен немесе оригинатордың жарғысымен анықталмаған болса, ислам арнайы қаржы компаниясы оригинаторының директорлар кеңесімен (бақылаушы кеңес) қабылданған ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің болмауы;
      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құжаттарға сәйкес келмеуі.
      6. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысанда ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат береді.
      Уәкілетті орган осы Ереженің 5-тармағында көзделген негіздер бойынша ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, бұл жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын жазбаша хабардар етеді.
      7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін құжаттарды қайталап ұсынған жағдайда уәкілетті органның оларды қарау мерзімінің есептелуі жаңадан басталады.
      8. Ислам арнайы қаржы компаниясының уәкілетті органға ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттардың көшірмелері ислам арнайы қаржы компаниясы бірінші басшының қолымен және мөр бедерімен куәландырылады.
      Құжаттың парақ саны көп болған жағдайда оның әр парағы бекітіледі не құжат тігіліп, тігіс түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбымен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедері ішінара қағаз пломбыға, ішінара құжаттың парағына жазылуы тиіс.
      9. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Ислам арнайы қаржы компаниясын
ерікті қайта құруға немесе  
таратуға рұқсат беру     
Ережесіне қосымша       

Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе
таратуға рұқсат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____________________________________________________________________
                        (уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
немесе куәлікке сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының атауы)
_____________________________________________________________________
ислам арнайы қаржы компаниясын ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
нөмірі, ислам арнайы қаржы компаниясының заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес
орналасқан орны)

ерікті ______________________________________________ рұқсат береді.
              (қайта құруға немесе таратуға)

Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары)
(қолы)

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 марта 2009 года N 55. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 апреля 2009 года N 5638. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 128

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 17.07.2015 № 128.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие постановления см. п.2

      В соответствии с пунктом 8 статьи 32-6 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Утверждены              
постановлением Правления      
Агентства Республики Казахстан   
по регулированию и надзору финансового
рынка и финансовых организаций   
от 27 марта 2009 года № 55     

Правила
выдачи разрешения на добровольную реорганизацию
или ликвидацию исламской специальной финансовой компании

      1. Настоящие Правила выдачи разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" и определяют порядок выдачи государственным органом, осуществляющим регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган), разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании.
      2. Исламская специальная финансовая компания представляет в уполномоченный орган заявление о выдаче разрешения на добровольную реорганизацию либо ликвидацию исламской специальной финансовой компании после утверждения уполномоченным органом отчета об итогах погашения выпуска исламских ценных бумаг.
      3. Заявление о выдаче разрешения на добровольную реорганизацию либо ликвидацию исламской специальной финансовой компании составляется в произвольной форме, подписывается первым руководителем исламской специальной финансовой компании и содержит сведения о наименовании исламской специальной финансовой компании (в соответствии со справкой или свидетельством о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица) и дате утверждения уполномоченным органом отчета об итогах погашения выпуска исламских ценных бумаг.
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 26.04.2013 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. К заявлению о выдаче разрешения уполномоченного органа на проведение добровольной реорганизации или ликвидации исламской специальной финансовой компании прилагается копия решения о ее добровольной реорганизации или ликвидации, принятого советом директоров (наблюдательным советом) оригинатора исламской специальной финансовой компании, если иное не установлено законодательными актами Республики Казахстан или уставом оригинатора.
      5. Отказ в выдаче разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании производится уполномоченным органом по любому из следующих оснований:
      1) отсутствие утвержденного уполномоченным органом отчета об итогах погашения выпуска исламских ценных бумаг исламской специальной финансовой компании;
      2) отсутствие решения о добровольной реорганизации или ликвидации исламской специальной финансовой компании, принятого советом директоров (наблюдательным советом) оригинатора исламской специальной финансовой компании, если иное не установлено законодательными актами Республики Казахстан или уставом оригинатора;
      3) несоответствие представленных документов требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      6. Заявление о выдаче разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней с даты поступления заявления.
      При соответствии представленных документов требованиям законодательства Республики Казахстан уполномоченный орган производит выдачу разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      В случае принятия уполномоченным органом решения об отказе в выдаче разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании по основаниям, предусмотренным пунктом 5 настоящих Правил, уполномоченный орган письменно уведомляет об этом исламскую специальную финансовую компанию с указанием основания отказа.
      7. При повторном представлении документов для выдачи разрешения уполномоченного органа на добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании исчисление срока их рассмотрения уполномоченным органом начинается заново.
      8. Копии документов, представляемых исламской специальной финансовой компанией в уполномоченный орган для выдачи разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию, заверяются подписью первого руководителя и оттиском печати исламской специальной финансовой компании.
      При множественности листов в документе заверяется каждый лист либо документ прошивается и скрепляется бумажной пломбой, наклеенной на узел прошивки и частично на лист. Подпись первого руководителя и оттиск печати должны быть нанесены частично на бумажную пломбу, частично на лист документа.
      9. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, решаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Приложение         
к Правилам выдачи разрешения 
на добровольную реорганизацию
или ликвидацию исламской  
специальной финансовой компании

Форма           

                             Разрешение
            на добровольную реорганизацию или ликвидацию
            исламской специальной финансовой компании

      Сноска. Приложение в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 26.04.2013 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

_____________________________________________________________________
               (наименование уполномоченного органа)
разрешает добровольную ____________________________________ исламской
                          (реорганизацию или ликвидацию)
специальной финансовой компании _____________________________________
_____________________________________________________________________
      (наименование исламской специальной финансовой компании
_____________________________________________________________________
             в соответствии со справкой или свидетельством о
                    государственной регистрации
               (перерегистрации) юридического лица)
____________________________________________________________________
          (номер свидетельства о государственной регистрации
                 (перерегистрации) юридического лица,
____________________________________________________________________
             место нахождения исламской специальной финансовой
          компании в соответствии со справкой или свидетельством
____________________________________________________________________
                      о государственной регистрации
                   (перерегистрации) юридического лица)

Руководитель
(заместитель руководителя)
уполномоченного органа
(подпись)