Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Досмұхамбетов Н.М.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет ресурсына орналастырсын.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) бір апталық мерзімде осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейінгі мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі 
№ 128 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. «Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4809 тіркелген).
      2. «Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5638 тіркелген).
      3. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 25 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7871 тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 622-630 (27701) жарияланған).
      5. «Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8414 тіркелген.
      6. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда «Заң газеті» газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 22 тармағы.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9036 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 285- (28224), 2014 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      8. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады