Жер-кадастрлық істің құрылымын, құрамын және мазмұнын белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 19 маусымдағы N 103-П Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5723 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.11.2014 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына 156-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жер-кадастрлық істің құрылымын, құрамын және мазмұнын белгілеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаментінің Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасы осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Райымбековке жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                       Ө. Өзібеков

Қазақстан Республикасы   
Жер ресурстарын     
басқару агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 19 маусымдағы 
N 103-П бұйрығымен бекітілген

Жер-кадастрлық істің құрылымын, құрамын және мазмұнын  белгілеу жөніндегі нұсқаулық       1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына 156-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Нұсқаулық Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрі – кәсіпорын) қалыптастыратын жер-кадастрлық істің құрылымын, құрамын және мазмұнын белгілейді.
      3. Кәсіпорынның құжаттарды қабылдайтын маманы құжаттарды жер-кадастрлық іске қосу үшін олардың түпнұсқаларына сәйкестілігін тексереді.

2-тарау. Жер-кадастрлық істің құрылымы

      4. Жер-кадастрлық істің құрылымы:
      1) жер-кадастрлық істің сыртқы беті;
      2) жер-кадастрлық іске енгізілген құжаттардың тізімі;
      3) осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық іске түсіндірме жазба;
      4) осы Нұсқаулықтың 3-тарауында көрсетілген жер учаскесі туралы жер-кадастрлық іске қосылатын құжаттар.

3-тарау. Жер-кадастрлық істің құрамы және мазмұны 1-параграф. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесін беру кезінде

      5. Жер учаскесінің жер-кадастрлық ісінің құрамына келесі құжаттар кіреді:
      1) жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын ресімдеуге кәсіпорынға берген еркін нысанды өтініші;
      2) жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер:
      жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәләндыратын құжаттың (төлқұжаттың), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;
      3) жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттың (мемлекеттік атқарушы органның құқықтық актісінің) көшірмесі;
      4) жер учаскесін таңдау актісі;
      5) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы;
      6) берілген жер учаскесінің алаңын, оның шекаралары мен орналасқан жерін, жер учаскелерінің шектес меншік иелері мен жер пайдаланушыларын, сондай-ақ берілетін жер учаскесіне шектеулері мен сервитуттарды дәлдейтін жер учаскесіне құқық берілгені туралы жерге орналастыру жобасы.
      Тұрғын үй, саяжай құрылысына және бағбандық үшін бөліп берілетін жер учаскелерін жайластыру алаңына жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, ресімделіп отырған жер учаскесінің жер-кадастрлық ісіне жоғарыда айтылған жерге орналастыру жобасының үзінді көшірмесі кіргізіледі. Әрбір жер учаскесі үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеу талап етілмейді;
      7) жер учаскесiнiң шекараларын жергілікті жерде белгiлеу материалдары:
      жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жұмысты жүргізуге арналған еркін нысанды өтініші;
      жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеуге (қалпына келтіруге) жұмыс сызбасы;
      далалық өлшеу журналы;
      жер учаскесінің ауданың есептеу және координаталар ведомосі;
      жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеудің (қалпына келтірудің) сызбасы және актісі;
      межелік белгілерді сақтауға тапсыру актісі;
      8) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауға тапсырыс беру бланкісі;
      9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
      10) жер учаскесіне жер-кадастрлық кітабының нөлдік бөлімі.
      6. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кезде, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа жер-кадастрлық ісінің құрамына ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының мөлшерiн анықтау актісінің көшірмесі қосылады.
      7. Орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қойған кезде, осы Нұсқаулықтың 5-бабында көрсетілген құжаттардан басқа жер-кадастрлық ісінің құрамына сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасының мөлшерiн анықтау актісінің көшірмесі қосылады.
      8. Жер учаскесін жеке меншікке ақылы негізде берген кезде, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, жер-кадастрлық істің құрамына келесі құжаттар қосылады:
      жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісінің көшірмесі;
      жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі;
      жер учаскесін сатып алу бағасын бюджетке төлегені туралы түбіртектің көшірмесі.
      9. Жер учаскесіне уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, жер-кадастрлық ісінің құрамына сондай-ақ келесі құжаттар қосылады:
      жер учаскесіне жалға алу құқығының сатып алу бағасын айқындау актісінің көшірмесі;
      жалға алу құқығын сатып алу-сату шартының көшірмесі;
      жалға алу құқығын сатып алу бағасын бюджетке төлегені туралы түбіртектің көшірмесі.
      10. Жер учаскелерiн сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алған кезде, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа жер-кадастрлық істің құрамына сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) нәтижесі туралы хаттама көшірмесі қосылады.
      11. Бұрын жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алғанда, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа жер-кадастрлық істің құрамына келесі құжаттар қосылады:
      бюджеттiң алдында берешегi жоқ екендiгi (жер салығы) және/немесе жер учаскесiн пайдаланғаны үшін төлемақы туралы салық органының анықтамасы;
      жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi болатын ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттік тіркеу органының анықтамасы.
      12. Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берілген жер учаскелерiн, шартты жер үлестерiнен қалыптасқан жер учаскелерін, сондай-ақ ортақ жер пайдаланудағы жер учаскелерін жеке меншікке сатып алған кезде, жер-кадастрлық ісінің құрамына осы Нұсқаулықтың 5, 8 және 11-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа қатысушылардың жер учаскелерін сатып алу туралы жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі қосылады.
      13. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін берген кезде, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа жер-кадастрлық ісінің құрамына сондай-ақ келесі құжаттар қосылады:
      жер үлестерінің мөлшерлері көрсетілген шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің құрамы туралы анықтама;
      ауыл шаруашылық ұйымдары құрамынан шаруа немесе фермер қожалығы үшін жер учаскесі бөлініп шыққан кезде:
      бөлінетін жер учаскесінің мөлшері және орналасқан жері туралы ауыл шаруашылық ұйымы мүшелерінің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі;
      бөлінетін жер учаскесінің орналасу сызбасы.
      14. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскесін берген кезде жер-кадастрлық істің құрамына, осы Нұсқаулықың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шарттың көшірмесімен толықтырылады.

2-параграф. Жер учаскелерімен мәмілелер жасасу кезінде

      15. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, осы Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 1-параграфында көрсетілген құжаттардан басқа, бұрын қалыптастырылған жер-кадастрлық істің құрамына келесі құжаттар қосылады:
      1) жер учаскесіне құқықтың ауысуын растайтын құжаттар – құқық белгілейтін құжаттардың (шарттар, сот шешімдері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы) көшірмесі;
      2) жаңа құқық иесі туралы мәлімет (жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәләндыратын құжаттың (төлқұжаттың), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері; заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері);
      3) бұрын берілген жер учаскесін бөлумен (сегментация) байланысты жаңа жер учаскелерінің қалыптасқаны туралы жерге орналастыру жобасы;
      4) құрылған жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
      16. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгермеген жағдайда бұрын қалыптастырылған жер-кадастрлық ісінің құрамына жер учаскесіне құқық иесінің ауысуы туралы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынған мәліметтер қосылады.

Жер-кадастрлық істің   
құрылымын, құрамын және  
мазмұнын белгілеу жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша   

Нысан

N ________________________________
(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
Жер-кадастрлық іске түсіндірме жазба

Р/с N

Жер-кадастрлық істе көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Ақпараттар

1.

Жер учаскесі туралы мәліметтер:


1)

жер учаскесінің орналасқан жері


2)

жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы


3)

жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр)


4)

жер учаскесінің меншік иесі (жер пайдаланушы)


5)

жер учаскесінің берілу негізі
(құқық белгілейтін құжаттың нөмірі мен берілген күні)


2.

Жер учаскесінің шегіндегі бөтен меншік иелері
(жер пайдаланушылар) туралы мәліметтер:


1)

жер учаскесінің кадастрлық нөмірлері немесе ол болмаған кезде жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның толық атауы


2)

жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы


3)

жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр)


3.

Жерге орналастыру құжаттарының (жерге орналастыру жобасы және жергілікті жерде жер учаскесін белгілеу (қалпына келтіру) актісі) бекітілгені туралы мәлімет:


1)

жерге орналастыру құжаттарын бекіткен органның атауы (нөмірі және күні)


4.

Жерге орналастыру жұмыстарын орындаушы туралы мәлімет:


1)

жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның толық атауы


2)

лицензияның берілген күні және нөмірі


_______________________________   _______  __________________________
Мемлекеттік жер кадастрын          (қолы)            аты-жөні
жүргізуші мамандандырылған
мемлекеттік кәсіпорынның
басшысының лауазымы

Қалыптастырылған күні:

Об утверждении Инструкции по структуре, составу и содержанию земельно-кадастрового дела

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 19 июня 2009 года № 103-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июля 2009 года № 5723. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 ноября 2014 года № 68

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 05.11.2014 № 68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).      

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 4

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 14 и статьей 156 Земельного кодекса Республики Казахстан и постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2003 года № 958 "Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ :
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по структуре, составу и содержанию земельно-кадастрового дела.
      2. Управлению государственного земельного кадастра и мониторинга земель Департамента государственного контроля за использованием и охраной земель и государственного земельного кадастра Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами обеспечить направление настоящего Приказа на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке.
      3. Контроль за исполнением настоящего Приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами Раймбекова К.У.
      4. Настоящий Приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               У. Узбеков

Утверждена приказом Председателя 
Агентства Республики Казахстан  
по управлению земельными ресурсами
от 19 июня 2009 года № 103-П   

Инструкция
по структуре, составу и содержанию земельно-кадастрового дела

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 14 и статьей 156 Земельного кодекса Республики Казахстан и постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2003 года № 958 "Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан".
      2. Настоящая Инструкция определяет структуру, состав и содержание земельно-кадастрового дела, формируемого специализированным государственным предприятием, ведущим Государственный земельный кадастр (далее - предприятие).
      3. Специалист предприятия, принимающий документы для включения в земельно-кадастровое дело, проверяет документы на соответствие их оригиналам.

Глава 2. Структура земельно-кадастрового дела

      4. Земельно-кадастровое дело имеет следующую структуру:
      1) титульный лист на земельно-кадастровое дело;
      2) опись документов, помещенных в земельно-кадастровом деле;
      3) пояснительная записка к земельно-кадастровому делу по форме согласно приложению к настоящей Инструкции;
      4) документы, помещаемые в земельно-кадастровое дело о земельном участке, указанные в главе 3 настоящей Инструкции.

Глава 3. Состав и содержание земельно-кадастрового дела

Параграф 1. При предоставлении земельного участка из земель,
находящихся в государственной собственности

      5. В состав земельно-кадастрового дела земельного участка включаются следующие документы:
      1) заявление собственника земельного участка или землепользователя в произвольной форме на оформление идентификационного документа на земельный участок, предоставленное в предприятие;
      2) сведения о собственнике земельного участка или землепользователе:
      для физических лиц - копии удостоверения личности (паспорта), свидетельства налогоплательщика;
      для юридических лиц - копии свидетельства о государственной регистрации, статистической карточки, свидетельства налогоплательщика;
      3) копия правоустанавливающего документа на земельный участок (правового акта государственного исполнительного органа);
      4) акт выбора земельного участка;
      5) заключение комиссии, создаваемой в соответствии с пунктом 2 статьи 43 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      6) землеустроительный проект о предоставлении права на земельный участок, уточняющий площадь предоставленного земельного участка, его границы и местоположение, смежных собственников земельных участков и землепользователей, а также обременения и сервитуты предоставляемого земельного участка.
      При наличии землеустроительного проекта размещения земельных участков на площадку для отвода под жилищное, дачное строительство и садоводство в земельно-кадастровое дело включается выкопировка из вышеуказанного землеустроительного проекта на оформляемый земельный участок. Составление землеустроительного проекта на каждый отдельный участок не требуется;
      7) материалы установления границ земельного участка на местности:
      заявление собственника земельного участка или землепользователя в произвольной форме на проведение работ;
      рабочий чертеж установления (восстановления) границ земельного участка на местности;
      журнал полевых измерений;
      ведомость координат и вычисления площади земельного участка;
      акт и чертеж установления (восстановления) границ земельного участка на местности;
      акт сдачи на хранение межевых знаков;
      8) бланк-заказ на изготовление идентификационного документа на земельный участок;
      9) копия идентификационного документа на земельный участок;
      10) нулевой раздел земельно-кадастровой книги на земельный участок.
      6. При предоставлении сельскохозяйственных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского и лесного хозяйства, в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включается копия акта определения потерь сельскохозяйственного производства.
      7. При предоставлении лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включается копия акта определения потерь лесохозяйственного производства.
      8. При предоставлении земельного участка в частную собственность на платной основе в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включаются следующие документы:
      копия акта определения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка;
      копия договора купли-продажи земельного участка;
      копия квитанции об оплате в бюджет выкупной цены земельного участка.
      9. При продаже права временного возмездного землепользования (аренды) на земельный участок в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включаются следующие документы:
       копия акта определения стоимости выкупа права аренды на земельный участок;
      копия договора купли-продажи права аренды;
      копия квитанции об оплате в бюджет выкупной цены права аренды.
      10. При приобретении земельного участка на торгах (конкурсах, аукционах) в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включается копия протокола о результате торгов (конкурса, аукциона).
      11. При выкупе земельного участка в частную собственность, ранее предоставленного на праве землепользования в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включаются следующие документы:
      справка налогового органа об отсутствии задолженности перед бюджетом (земельный налог) и/или оплаты за пользование земельным участком;
      справка органа государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним об отсутствии обременений на земельный участок, препятствующих заключению сделок.
      12. При выкупе в частную собственность земельного участка, сформированного за счет передачи земельных участков, земельных долей в уставные капиталы хозяйственных товариществ или в качестве взноса в производственные кооперативы, а также земельных участков, находящихся в общем землепользовании, земельно-кадастровое дело, состоящее из документов, указанных в пунктах 5, 8 и 11 настоящей Инструкции, дополняется копией протокола общего собрания участников о выкупе земельного участка.
      13. При предоставлении земельного участка для ведения крестьянского или фермерского хозяйства в состав земельно-кадастрового дела, состоящего из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, также включаются следующие документы:
      справка о составе членов крестьянского или фермерского хозяйства с указанием размеров их земельных долей;
      при выделении земельного участка крестьянского или фермерского хозяйства из состава сельскохозяйственной организации:
      копия протокола общего собрания участников сельскохозяйственной организации о размере и местоположении выделяемого земельного участка;
      схема местоположения выделяемого земельного участка.
      14. При предоставлении земельного участка для целей недропользования земельно-кадастровое дело, состоящее из документов, указанных в пункте 5 настоящей Инструкции, дополняется копией контракта на недропользование.

Параграф 2. При совершении сделок с земельными участками

      15. При изменении идентификационных характеристик земельного участка в ранее сформированное земельно-кадастровое дело, состоящее из документов, указанных в параграфе 1 главы 3 настоящей Инструкции, также включаются:
      1) документы, подтверждающие переход права на земельный участок - копии правоустанавливающих документов (договоров, решений судов, свидетельств о праве на наследство, передаточных актов или разделительных балансов при реорганизации негосударственных юридических лиц);
      2) сведения о новом правообладателе (для физических лиц - копии удостоверения личности (паспорта), свидетельства налогоплательщика; для юридических лиц - копии свидетельства о государственной регистрации, статистической карточки, свидетельства налогоплательщика);
      3) землеустроительный проект о формировании новых земельных участков, связанный с разделом (сегментацией) ранее предоставленного земельного участка;
      4) копия идентификационного документа на образованный земельный участок.
      16. При отсутствии изменении идентификационных характеристик земельного участка, в ранее сформированное земельно-кадастровое дело также включаются сведения об изменении правообладателя на земельный участок, предоставленные органом, осуществляющим государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним.

Приложение к Инструкции     
по структуре, составу и содержанию
земельно-кадастрового дела    

Форма     

        Пояснительная записка к земельно-кадастровому делу
             № ______________________________________
               (кадастровый номер земельного участка)


п/п

Перечень сведений, которые
должны быть отражены в земельно-кадастровом деле

Сведения

1.

Сведения о земельном участке:


1)

местоположение земельного участка


2)

целевое назначение земельного участка


3)

площадь земельного участка (гектар, квадратный метр)


4)

собственник (землепользователь) земельного участка


5)

основание предоставления земельного участка (номер
и дата выдачи правоустанавливающего документа)


2.

Сведения о посторонних собственниках
(землепользователях) в границах земельного участка:


1)

кадастровые номера земельных участков или при их
отсутствии фамилия, имя, отчество физического лица
или полное наименование юридического лица


2)

целевое назначение земельного участка


3)

площадь земельного участка (гектар, квадратный метр)


3.

Сведения об утверждении землеустроительной
документации (землеустроительный проект и акт
установления (восстановления) границ земельного
участка на местности):


1)

наименование органа, утвердившего землеустроительную
документацию (дата и номер)


4.

Сведения об исполнителе землеустроительных работ:


1)

наименование юридического лица или инициалы
физического лица


2)

номер и дата получения лицензии


      _______________________ ______________ ______________________
      Должность руководителя     (подпись)    (фамилия и инициалы)
      специализированного
      государственного предприятия,
      ведущий государственный
      земельный кадастр:

      Дата формирования: