Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 183 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5784 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 312 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-3-бабын, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 10-бабының 9-1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 183 қаулысымен бекітілді

Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату тәртібін айқындайды.

      1. Депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында консервация режимінде тұрған банктің (бұдан әрі - проблемалық банк) уақытша әкімшілігі (уақытша банкті басқарушы) (бұдан әрі - уақытша әкімшілік) уәкілетті органға проблемалық банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкке беру операциясын жүргізу туралы ұсынысын енгізеді.

      Уәкілетті орган проблемалық банктің активтері мен міндеттемелерін беру бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке көрсетілген активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне беру бойынша операция жүргізуді тапсырады.

      2. Проблемалық банктің міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру проблемалық банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісуі бойынша жүзеге асырылады.

      Депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу үшін уақытша әкімшілік банк міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде беруі туралы хабарландыруды жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Хабарландыру жарияланған күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде проблемалық банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының жазбаша қарсылықтары болмаған жағдайда депозиторлар және (немесе) кредиторлар міндеттемелерді беруге келісті деп қаралады.

      3. Уақытша әкімшілік депозиторлар қарсылықтарын ұсыну мерзімі аяқталған күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беруге келіскен және беруден бас тартқан депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың тізімін жасайды.

      4. Проблемалық банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне тапсыру берілетін міндеттемелерді жабу үшін активтерінің жеткілікті мөлшерде болу шартымен ғана жүзеге асырылады.

      5. Проблемалық банктің уақытша әкімшілігі активтердің бағалауын жүргізеді және тұрақтандыру банк қызметінің жоспарын әзірлейді.

      6. Тұрақтандыру банкіне проблемалық банктің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтері беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      7. Проблемалық банктің міндеттемелерін тұрақтандыру банкке тапсыру мынадай басымдылық бойынша жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекке жеке тұлғалардың депозиттері кіреді;

      2) екінші кезекке жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамына тиесілі (сенімгерлікпен басқаруға берілген) немесе қызметі республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер кіреді;

      3) үшінші кезекке өзге заңды тұлғалардың депозиттері кіреді.

      8. Тұрақтандыру банкі өзінің қызметін мынадай ақпаратты қамтитын Тұрақтандыру банкі қызметінің жоспарына сәйкес жүзеге асырады:

      1) банк жүйесінің жиынтық заемдарындағы проблемалық банктің кредиттік портфелінің үлесін, екінші деңгейдегі банктердің жиынтық депозиттеріндегі проблемалық банкпен тартылған депозиттердің үлесін;

      2) банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беруге байланысты жиынтық шығыстарындағы, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік өтеуді төлеу бойынша жиынтық шығыстарындағы тұрақтандыру банкінің қызметімен байланысты шығыстар үлесін;

      3) тұрақтандыру банкінің барлық активтерінің және міндеттемелерінің сипаттамасын және бағалауын;

      4) жоғары өтімді активтердің және талап етілгенге дейін міндеттемелердің сипаттамасы мен мөлшерін;

      5) активтерінің деңгейі төмендеген жағдайда тұрақтандыру банкінің активтерін және міндеттемелерін басқару тәртібі мен талаптарын, оның ішінде активтерді қайтару (айырбастау) және (немесе) міндеттемелерді қайтару арқылы;

      6) акцияларды сату немесе активтерді (міндеттемелерді) сатып алушы банкке сату (тапсыру) талаптары мен тәртібін;

      7) тұрақтандыру банкінің шығыстар сметасын және тұрақтандыру банкі қызметінің қаржылық болжамын, оларға мыналар кіреді:

      соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша деректердің негізінде тұрақтандыру банкі құрылған күніне жасалған бухгалтерлік баланс;

      тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату күніне болжамды баланс, кірістер мен шығыстар туралы болжамды есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп.

      9. Тұрақтандыру банкінің міндеттері мыналар болып табылады:

      1) проблемалық банктен алған активтердің сапасын жақсарту;

      2) тұрақтандыру банкінің активтерін және міндеттемелерін басқа сатып алушы банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру;

      3) инвесторға тұрақтандыру банкінің акцияларын тұрақтандыру банкі капиталының өсуіне және оның Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беру шартымен сату.

      10. Тұрақтандыру банкінің функциялары мыналар болып табылады:

      1) тұрақтандыру банкінің активтерін және міндеттемелерін басқару, оның ішінде активтерді активтер бойынша тәуекелдерді жабу үшін және міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті мөлшерде болуын, тұрақтандыру банкінің міндеттемелерінің активтерінен аспайтын деңгейде болуын қамтамасыз ету;

      2) қабылданған активтер бойынша қызмет көрсету және төлемдерді қабылдау;

      3) Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, міндеттемелерді орындау;

      4) қабылданған активтердің жай-күйін бағалауын жүргізу және активтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу.

      11. Тұрақтандыру банкі уәкілетті органның келісуі бойынша қажетті жағдайда:

      тұрақтандыру банкі активтерінің сапасы нашарлаған кезде проблемалық банктің басқа активтеріне айырбастайды;

      егер активтердің мөлшері міндеттемелерді жаппаса немесе міндеттемелердің мөлшері тұрақтандыру банкін пайыздық тәуекелге және өтімділік тәуекеліне ұшыратса, онда проблемалық банкке қабылданған міндеттемелерді қайтарады;

      заемшылардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін олардың міндеттемелерінің қайта құрылымдауын жүргізеді;

      осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген операцияларды тәуекелдің барынша төмен деңгейімен жүргізеді.

      12. Тұрақтандыру банкінің барынша төмен тәуекелі бар операциялар мыналар болып танылады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер;

      2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде:

      банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар болуы;

      банктер "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес бас банкінің еншілес резидент банктері болып табылады;

      3) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған үқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі ықтимал залалдар резервін шегергендегі депозиттер (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер, оның ішінде "РЕПО" операциялары;

      5) "Standard & Poor's" агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің Үкіметтері шығарған облигациялармен жасалған мәмілелер.

      13. Тұрақтандыру банкі айына бір рет уәкілетті органға Тұрақтандыру банкі қызметінің жоспарын орындау туралы ақпаратты және мәліметтерді ұсынып отырады.

      14. Тұрақтандыру банкін басқаруды уәкілетті органмен тағайындалған Төраға жүзеге асырады.

      15. Тұрақтандыру банкінің Төрағасы өзінің функцияларын жүзеге асырғанда осы Ережені, жарғыны, Тұрақтандыру банкі қызметінің жоспарын басшылыққа алады.

      16. Тұрақтандыру банкінің Төрағасы:

      1) тұрақтандыру банкінің ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      2) тұрақтандыру банкі қызметінің Тұрақтандыру банкі қызметінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

      3) үшінші тұлғалармен қатынастарда тұрақтандыру банкінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      4) үшінші тұлғалармен қатынастарда тұрақтандыру банкінің мүдделерін білдіру құқығына сенімхат береді;

      5) тұрақтандыру банкінің қызметкерлерін қабылдауын, ауыстыруын және жұмыстан босатуын жүзеге асырады, оларға марапаттау мен тәртіптік жаза салу шараларын қолданады, тұрақтандыру банкі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілейді;

      6) тұрақтандыру банкінің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;

      7) тұрақтандыру банкі қызметкерлері арасында міндеттерін және өкілеттіктері мен жауапкершілігі аясын бөліп береді;

      8) әлеуетті инвесторлардың ұсыныстарын қарайды және уәкілетті органға ұсынысын енгізеді.

      17. Тұрақтандыру банкінің Төрағасы уәкілетті органның келісуі бойынша:

      1) бағалау нәтижесінде проблемалық деп танылған тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін проблемалық банкке қайтару туралы шешім қабылдайды;

      2) тұрақтандыру банкіне бұрын берілген активті проблемалық банкінің басқа активіне айырбастау туралы шешім қабылдайды;

      3) заемшылардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін активтерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды;

      4) жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәміле жасасу туралы шешім қабылдайды;

      5) тұрақтандыру банкінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      18. Тұрақтандыру банкі активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызынан асқан көлемде жасалатын тұрақтандыру банкінің мәмілелері уәкілетті органның келісуі бойынша жүзеге асырылады.

      19. Тұрақтандыру банкі проблемалық банкінің активтері мен міндеттемелерін қабылдаған күнінен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру операциясын жүзеге асыру үшін сатып алушы банкті (банктерді) және (немесе) тұрақтандыру банкінің акцияларын сату үшін инвесторды іздейтіні туралы хабарландыруды жариялайды.

      20. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыруда тұрақтандыру банкі туралы жалпы ақпарат көрсетіледі:

      тұрақтандыру банкі активтерінің мөлшері, тізбесі және түрлері;

      тұрақтандыру банкі міндеттемелерінің мөлшері, тізбесі және түрлері;

      инвесторға және (немесе) сатып алушы банкке (банктерге) қойылатын талаптар;

      инвесторлардың және (немесе) банктің (банктердің) қатысу өтінімдерінің алдын ала сатып алынатын тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелері бойынша мөлшері, түрлері және бағалары (бағалар ауқымы) көрсетілген ұсыну мерзімдері мен нысандары.

      21. Қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде әлеуетті инвесторлардың және (немесе) сатып алушы банктің (банктердің) алдын ала іріктеуі өткізіледі, олармен құпиялы және Заңмен қорғалатын өзге ақпаратты жария етпеуі туралы келісім жасалады.

      22. Тұрақтандыру банкі құпиялы ақпаратты берген күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде әлеуетті инвесторлар мен сатып алушы банк (банктер) сатып алынатын тұрақтандыру банкі активтерінің және міндеттемелерінің мөлшерін, түрлерін және бағаларын көрсете отырып, ұсыныстарын береді.

      23. Тұрақтандыру банкі ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрақтандыру банкінің барлық міндеттемелерін сатып алушы банкке (банктерге) беру үшін тұрақтандыру банкі активтерінің жетіспейтін мөлшерінің ең аз шамасын алуды ескере отырып, жасалған жиынтық ақпараты қалыптастырады.

      24. Сатып алушы банк мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

      уәкілетті орган жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік заемдық операцияларды жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге берген лицензияның иегері;

      уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялары жоқ;

      соңғы үш ай ішінде пруденциалдық нормативтерді орындайды және уәкілетті органмен қолданылған ертерек ден қою шараларын және ықпал ету шараларын орындамау жағдайлары жоқ;

      банк клиенттеріне қызмет көрсету үшін кем дегенде он облыс орталығында филиалдары бар.

      25. Тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу үшін инвесторға қойылатын талаптар Банктер туралы Заңына сәйкес айқындалады.

      26. Уәкілетті орган жиынтық ақпаратты қарау нәтижесінде инвесторды немесе тұрақтандыру банкінің активтерін және міндеттемелерін сатып алушы банкті (банктерді) таңдау туралы шешім қабылдайды.

      27. Тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін беру тұрақтандыру банкі депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      Депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу үшін тұрақтандыру банкі тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілінде жарияланады.

      Хабарландыру жарияланған күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тұрақтандыру банкі депозиторларының және (немесе) кредиторларының жазбаша қарсылықтарының болмауы депозитор және (немесе) кредитор міндеттемелерді беруге келісті деп қаралады.

      28. Тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды сатып алушы банкке (банктерге) беру қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.

      Қабылдау-тапсыру актісін ресімдеген кезде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) атауы, инвентарлық нөмірі, баланстық, бағалау құны, активтер есепке алынған шоттардың нөмірлері, тұрақтандыру банкінің меншік құқығын растайтын құжаттары көрсетілген тұрақтандыру банкінің берілетін активтерінің мөлшері, тізбесі және түрлері;

      2) дебиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы, дебиторлық берешек сомалары есепке алынған шоттардың нөмірлері, заем сомалары, банктік заем шартының жасалу күні мен нөмірі, банктік заем шартының қолданыста болу мерзімі, банктік заем бойынша сыйақы ставкасы, банктік заем бойынша тұрақтандыру банкі алған және есептелген сыйақы сомалары көрсетілген, дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны мен тізбесі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, депозиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозиттер сомасы есепке алынған шоттардың нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартының жасалу күні және нөмірі, шарттың қолданыста болу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы, салым бойынша есептелген және депозиторлар алған сыйақы сомалары көрсетілген депозиттер тізбесі.

      29. Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін__берген кезде клиенттердің ақша қаражаты сатып алушы банкке (банктерге) оның жаңадан ашылған шоттарына келіп түседі.

      30. Тұрақтандыру банкінің акцияларын инвесторға сату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптар бойынша жүзеге асырылады.

      31. Тұрақтандыру банкінің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде беру немесе акцияларын сату бойынша операцияны жүзеге асырғаны туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде мәміле жасалған күнінен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде жариялайды.

      32. Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 8-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің қызметі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке (банктерге) толық берілгеннен кейін тоқтатылады.

      33. Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 9-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары инвесторға тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беру шартымен сатылады.

      Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу сәтінен бастап банкі тұрақтандыру банкі мәртебесінен айырылады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырады.

Об утверждении Правил управления стабилизационным банком, заключения сделок, в отношении совершения которых установлены особые условия, и прекращения деятельности стабилизационного банка

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 183. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 10 сентября 2009 года № 5784. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2016 года № 312

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.12.2016 № 312 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации статьи 61-3 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", подпункта 9-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления стабилизационным банком, заключения сделок, в отношении совершения которых установлены особые условия, и прекращения деятельности стабилизационного банка.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту стратегии и анализа (Абдрахманов Н.А.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

Председатель

Е. Бахмутова


  Утверждены
постановлением Правления
Агентства Республики Казахстан по
регулированию и надзору финансового
рынка и финансовых организаций
от 5 августа 2009 года № 183

Правила управления стабилизационным банком,
заключения сделок, в отношении совершения которых
установлены особые условия, и прекращения деятельности стабилизационного банка

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и определяют порядок управления стабилизационным банком, заключения сделок, в отношении совершения которых установлены особые условия, и прекращения деятельности стабилизационного банка.

      1. В целях защиты прав депозиторов и кредиторов временная администрация банка (временный управляющий банка) (далее - временная администрация), находящегося в режиме консервации (далее - проблемный банк), вносит в уполномоченный орган предложение о проведении операции по передаче активов и обязательств проблемного банка стабилизационному банку.

      Уполномоченный орган в целях реализации мероприятий по передаче активов и обязательств проблемного банка принимает решение о создании стабилизационного банка и поручает временной администрации проведение операции по передаче указанных активов и обязательств стабилизационному банку.

      2. Передача обязательств проблемного банка стабилизационному банку осуществляется с согласия депозиторов и (или) кредиторов проблемного банка.

      В целях получения согласия депозиторов и кредиторов временной администрацией публикуется объявление о передаче активов и (или) обязательств банка в части либо в полном размере. Объявление публикуется в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на казахском и русском языках.

      Отсутствие письменного возражения от депозиторов и (или) кредиторов проблемного банка в течение пяти календарных дней со дня публикации объявления рассматривается как согласие депозиторов и (или) кредиторов на передачу обязательств.

      3. Временная администрация в течение пяти календарных дней со дня истечения срока предъявления депозиторами возражений формирует списки депозиторов и (или) кредиторов, согласных на передачу и отказавшихся от передачи их обязательств другому (другим) банку (банкам).

      4. Передача активов и обязательств проблемного банка стабилизационному банку осуществляется при условии наличия активов в размере достаточном для покрытия передаваемых обязательств.

      5. Временная администрация проблемного банка проводит оценку активов и разрабатывает План деятельности стабилизационного банка.

      6. В стабилизационный банк передаются высоколиквидные активы проблемного банка, указанные в пункте 43 Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня, утвержденной постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3924).

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 25.02.2013 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Передача обязательств проблемного банка в стабилизационный банк осуществляется в следующей приоритетности:

      1) в первую очередь включаются депозиты физических лиц;

      2) во вторую очередь включаются обязательства перед накопительными пенсионными фондами, страховыми организациями, юридическими лицами, сто процентов голосующих акций которых принадлежат (переданы в доверительное управление) Акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" или деятельность которых финансируется за счет республиканского или местного бюджетов;

      3) в третью очередь включаются депозиты иных юридических лиц.

      8. Стабилизационный банк осуществляет свою деятельность в соответствии с Планом деятельности стабилизационного банка, который содержит следующую информацию:

      1) долю кредитного портфеля проблемного банка в совокупных займах банковской системы, долю депозитов, привлеченных проблемным банком в совокупных депозитах банка второго уровня;

      2) долю расходов, связанных с деятельностью стабилизационного банка в совокупных расходах, связанных с осуществлением операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому (другим) банку (банкам), а также в совокупных расходах организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов по выплате гарантийного возмещения;

      3) описание и оценку всех активов и обязательств стабилизационного банка;

      4) описание и размер высоколиквидных активов и обязательств до востребования;

      5) порядок и условия управления активами и обязательствами стабилизационного банка, в том числе путем возврата (обмена) активов и (или) возврата обязательств, при снижении уровня активов;

      6) условия и порядок реализации акций или продажи (передачи) активов (обязательств) банку-приобретателю;

      7) смету расходов стабилизационного банка и финансовый прогноз деятельности стабилизационного банка, которые включают:

      бухгалтерский баланс на дату создания стабилизационного банка, составленный на основе данных по состоянию на последнюю отчетную дату;

      прогнозный баланс на дату завершения деятельности стабилизационного банка, прогнозный отчет о доходах и расходах, прогнозный отчет о движении денежных средств.

      9. Задачами стабилизационного банка являются:

      1) улучшение качества активов, полученных от проблемного банка;

      2) осуществление операции по передаче активов и обязательств стабилизационного банка другому (другим) банку (банкам) приобретателю;

      3) реализация инвестору акций стабилизационного банка на условиях, гарантирующих увеличение капитала стабилизационного банка и его функционирование в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.

      10. Функциями стабилизационного банка являются:

      1) управление активами и обязательствами стабилизационного банка, в том числе обеспечение наличия активов в размере достаточном для покрытия рисков по активам и исполнения обязательств, наличия обязательств на уровне не превышающем активы стабилизационного банка;

      2) обслуживание и прием платежей по принятым активам;

      3) исполнение обязательств с учетом требований, установленных пунктом 4 статьи 61-3 Закона о банках;

      4) проведение оценки состояния принятых активов и проведение мероприятий по улучшению качества активов.

      11. Стабилизационный банк, по согласованию с уполномоченным органом, в случае необходимости:

      при ухудшении качества активов стабилизационного банка, производит обмен на другой актив проблемного банка;

      возвращает проблемному банку принятые обязательства, если обязательства не покрываются активами или размер обязательств подвергает стабилизационный банк процентному риску и риску ликвидности;

      для обеспечения платежеспособности заемщиков проводит реструктуризацию их обязательств;

      проводит операции с минимальным уровнем риска, указанные в пункте 12 настоящих Правил.

      12. Операциями стабилизационного банка с минимальным уровнем риска признаются:

      1) депозиты в Национальном Банке Республики Казахстан;

      2) депозиты в банках второго уровня Республики Казахстан при соответствии одному из следующих условий:

      банки имеют долгосрочный кредитный рейтинг не ниже "BB-" по международной шкале агентства "Standard & Poor's" или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств или рейтинговую оценку не ниже "kzBB-" по национальной шкале агентства "Standard & Poor's";

      банки являются дочерними банками-резидентами, родительский банк-нерезидент которых имеет долгосрочный кредитный рейтинг не ниже "АА-" по международной шкале агентства "Standard & Poor's" или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      3) депозиты в банках-нерезидентах, которые имеют долгосрочный и/или краткосрочный, индивидуальный рейтинг не ниже "АА-" по международной шкале агентства "Standard & Poor's" или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств (с учетом сумм основного долга и начисленного вознаграждения), за вычетом резервов на возможные потери;

      4) сделки с государственными ценными бумагами Республики Казахстан, в том числе операции "РЕПО";

      5) сделки с облигациями, выпущенных Правительствами иностранных государств, имеющих долгосрочный долговой рейтинг не ниже "АА-" агентства "Standard & Poor's" или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств.

      13. Стабилизационный банк один раз в месяц предоставляет в уполномоченный орган информацию и сведения об исполнении Плана деятельности стабилизационного банка.

      14. Управление стабилизационным банком осуществляется Председателем, назначаемым уполномоченным органом.

      15. Председатель стабилизационного банка при осуществлении своих функции руководствуется настоящими Правилами, уставом, Планом деятельности стабилизационного банка.

      16. Председатель стабилизационного банка:

      1) осуществляет руководство текущей деятельностью стабилизационного банка;

      2) обеспечивает осуществление деятельности стабилизационного банка в соответствии с Планом деятельности стабилизационного банка и контролирует его выполнение;

      3) без доверенности действует от имени стабилизационного банка в отношениях с третьими лицами;

      4) выдает доверенности на право представления стабилизационного банка в его отношениях с третьими лицами;

      5) осуществляет прием, перемещение и увольнение работников стабилизационного банка, применяет к ним меры поощрения и наложения дисциплинарных взысканий, устанавливает размеры должностных окладов работников стабилизационного банка;

      6) утверждает документы, регулирующие внутреннюю деятельность стабилизационного банка;

      7) распределяет обязанности, а также сферу полномочий и ответственности между работниками стабилизационного банка;

      8) рассматривает предложения потенциальных инвесторов и вносит предложение уполномоченному органу.

      17. Председатель стабилизационного банка по согласованию с уполномоченным органом:

      1) принимает решение о возврате проблемному банку активов и (или) обязательств стабилизационного банка, признанных в результате оценки как проблемные;

      2) принимает решение об обмене ранее переданного стабилизационному банку актива на другой актив проблемного банка;

      3) принимает решение о реструктуризации активов для обеспечения платежеспособности заемщиков;

      4) принимает решение о заключении сделок, в отношении совершения которых установлены особые условия;

      5) вносит изменения и дополнения в устав стабилизационного банка.

      18. Сделки стабилизационного банка, совершаемые в объеме, превышающем десять и более процентов от общего размера активов стабилизационного банка, осуществляются по согласованию с уполномоченным органом.

      19. Стабилизационный банк не позднее пяти календарных дней, со дня принятия активов и обязательств проблемного банка публикует объявление о поиске банка (банков) - приобретателя (-лей) для осуществления операции по одновременной передаче активов и обязательств и (или) инвестора для реализации акций стабилизационного банка.

      20. Объявление публикуется в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на казахском и русском языках. В объявлении указывается общая информация о стабилизационном банке:

      размер, перечень и виды активов стабилизационного банка;

      размер, перечень и виды обязательств стабилизационного банка;

      требования, предъявляемые к инвестору и (или) банку (банкам)-приобретателю (-лям);

      сроки и формы представления заявок на участие инвесторов и (или) банка (банков) - приобретателя (-лей) с предварительным указанием размера, видов и цен (диапазона цен) по приобретаемым активам и обязательствам стабилизационного банка.

      21. В течение десяти календарных дней со дня окончания срока предоставления заявок на участие проводится предварительный отбор потенциальных инвесторов и (или) банка (банков) - приобретателя (-лей) с которыми заключается соглашение о не разглашении конфиденциальной и иной охраняемой Законом информации.

      22. В течение двадцати календарных дней со дня предоставления конфиденциальной информации стабилизационным банком, потенциальные инвесторы и банк (банки) - приобретатель (-ли) представляют предложения с указанием размера, видов и цены приобретаемых активов и обязательств стабилизационного банка.

      23. В течение тридцати календарных дней со дня окончания срока предоставления предложений стабилизационный банк формирует сводную информацию, составленную с учетом получения наименьшей величины недостатка активов у стабилизационного банка для передачи всех обязательств стабилизационного банка банку (банкам) - приобретателю (-лям).

      24. Банк-приобретатель соответствует следующим требованиям:

      является участником системы обязательного гарантирования депозитов;

      обладает лицензией уполномоченного органа на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц; прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов юридических лиц; проведение банковских заемных операций; проведение кассовых операций;

      не имеет действующих ограниченных мер воздействия и санкций, примененных уполномоченным органом;

      выполняет пруденциальные нормативы в течение последних трех месяцев и не имеет неисполненных мер раннего реагирования и мер воздействия, примененных уполномоченным органом;

      имеет филиалы для обслуживания клиентов банка не менее чем в десяти областных центрах.

      25. Требования к инвестору на приобретение акций стабилизационного банка определяются в соответствии с Законом о банках.

      26. Уполномоченный орган по результатам рассмотрения сводной информации принимает решение о выборе инвестора или банка - (банков) приобретателя (-лей) активов и обязательств стабилизационного банка.

      27. Передача обязательств стабилизационного банка осуществляется с согласия депозиторов и (или) кредиторов стабилизационного банка.

      В целях получения согласия депозиторов и кредиторов стабилизационным банком публикуется объявление о передаче активов и (или) обязательств стабилизационного банка банку-приобретателю. Объявление публикуется в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на казахском и русском языках.

      Отсутствие письменного возражения от депозиторов и (или) кредиторов стабилизационного банка в течение пяти календарных дней со дня публикации объявления рассматривается как согласие депозитора и (или) кредитора на передачу обязательств.

      28. Передача активов и обязательств стабилизационного банка банку (банкам)-приобретателю (-лям), а также соответствующих документов оформляется актом приема-передачи.

      При оформлении акта приема-передачи в нем указываются следующие сведения:

      1) размер, перечень и виды передаваемых активов стабилизационного банка с указанием наименования, инвентарного номера, балансовой, оценочной стоимости, номера счетов, на которых учтены активы, документов, подтверждающих право собственности стабилизационного банка;

      2) стоимость и перечень передаваемых прав требований по дебиторской задолженности с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), наименование дебиторов, номеров счетов, на которых учтены суммы дебиторской задолженности, суммы займа, даты заключения и номера договора банковского займа, срока действия договора банковского займа, ставки вознаграждения по банковскому займу, начисленных и полученных стабилизационным банком сумм вознаграждения по банковскому займу;

      3) размер передаваемых обязательств по депозитам физических и юридических лиц, перечень депозитов с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии) депозиторов, номеров счетов, на которых учтены суммы депозитов, суммы депозита, даты заключения и номера договора банковского счета и (или) банковского вклада, срока действия договора, ставки вознаграждения по вкладу, начисленных и полученных депозиторами сумм вознаграждения по вкладу.

      29. При передаче обязательств стабилизационного банка по депозитам физических и юридических лиц, денежные средства клиентов поступают в банк (банки)-приобретатель (-ли) на вновь открываемые им банковские счета.

      30. Продажа акций стабилизационного банка инвестору осуществляется в порядке и на условиях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      31. Информация об осуществленной операции по одновременной передаче активов и обязательств или продажи акций стабилизационного банка публикуется уполномоченным органом в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан на казахском и русском языках в течении семи календарных дней с даты осуществления сделки.

      32. В соответствии с пунктом 8 статьи 61-3 Закона о банках, по решению уполномоченного органа деятельность стабилизационного банка прекращается после полной передачи принятых активов и обязательств банку (банкам)-приобретателю (-лям).

      33. В соответствии с пунктом 9 статьи 61-3 Закона о банках, по решению уполномоченного органа все акции стабилизационного банка реализуются инвестору на условиях, гарантирующих увеличение капитала стабилизационного банка и его функционирование в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.

      С момента приобретения инвестором акций стабилизационного банка банк утрачивает статус стабилизационного банка и осуществляет свою деятельность с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.