Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8436 тіркелді.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 294 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ___________ Б.Б. Жәмішев

      2013 жылғы 19 наурыз

      (қолы, күні, қолтаңба мөрі)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамыр № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жиынтық көлемнің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      БЗ + БГ - СП - СО - СБА < 50 % СК,

      мұнда:

      БҚ - Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, берілген банктік қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы;

      БК – Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банк кепілдігі шарты бойынша міндеттемелердің барлық сомасына берілген банк кепілдіктері;

      ПС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына қойылатын талаптарға қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;

      ҚС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банктік қарыздар мен банк кепілдіктері бойынша қамтамасыз ету сомасы;

      БАС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына банктің талаптары бойынша негізгі борыштың сомасы;

      МК – № 358 нұсқаулыққа сәйкес есептелген меншікті капитал.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер банктің қарыз алушысы банк алдында міндеттеме туындаған күні банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, көрсеткіштің мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк уәкілетті органға қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе көрсеткіштің мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін банк талаптарының бір бөлігін орындау қабілетін растай отырып және бұл жөнсіздікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, мөлшерден асып кету анықталған күннен бастап осындай асып кету туралы хабарлаған болса, көрсетілген асып кету бұзушылық болып қаралмайды.".

      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады