Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2–15 маусымда N 12 жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1054) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5128 тіркелген, 2008 жылғы 19 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1251) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 123, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5272 тіркелген, 2008 жылғы 26 тамызда "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 129 (1355) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы N 49 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банк шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде," деген сөздерден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлға салық төлеушіге, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа және адвокатқа, резидент емес жеке тұлғаға және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттарын ашудан бас тарту салық заңнамасында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда жүзеге асырылады.";
11-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметті жүзеге асырмайтын резидент жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; жеке куәлігі);
салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі.";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының резиденттері жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; жеке куәлігі);
қол қою үлгісі бар құжат;
клиентті жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
жеке нотариустар үшін – нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
адвокаттар үшін – адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын резидент емес жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік азаматтың төлқұжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);
салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері жеке кәсіпкерлер үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік азаматтың төлқұжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);
қол қою үлгісі бар құжат;
клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";
20-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық цифрлы қол қоюды немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдаланумен электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші – үшінші абзацтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, резидент емес жеке тұлғаға және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттарды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып ашу туралы хабардар етуге міндетті.
Осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлауға техникалық проблемалардың туындауы себепті мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып, салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Банк шотын:
1) шот:
заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
заңды және жеке тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
заңды және жеке тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына байланысты жабылған жағдайларын қоспағанда:
банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған талаптары және (немесе) өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары) болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде банк шотының иесі шот бойынша операцияларды жаңартпаса, банк Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады;
2) заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптары болған кезде жабуға тыйым салынады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың, резидент емес жеке тұлғаның және азаматтығы жоқ тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттары жабылғаннан кейін банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып олардың жабылуы туралы хабардар етуге міндетті.
Осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлауға техникалық проблемалардың туындауы себепті мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып, салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті (Сизова С.И.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдіктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Төрағаның міндетін атқарушы Д.Т. Ғалиева