Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 199 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5811 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 43-бабының1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
      2. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекіту туралы" 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1265 тіркелген);
      2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1265 тіркелген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-П "Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі туралы Нұсқаулықты" бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2821 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 37-40, 1008-құжат).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы     
28 тамыздағы N 199 қаулысымен
бекітілді           

Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі – Қор) қайта ұйымдастыруға рұқсат беруінің шарттары мен тәртібін белгілейді.
      2. Уәкілетті органның Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсаты Қор мынадай шарттарды сақтаған кезде беріледі:
      1) есептелген теріс комиссиялық сыйақы сомасын меншікті қаражаты есебінен берешек соманы зейнетақы активтері шотына аудару арқылы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесінің болмауы;
      2) Қордың салымшылар (алушылар) алдындағы Қордың номиналды кірісінің көрсеткіші мен кірістілігінің барынша төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесінің болмауы;
      3) Қордың корпоративті түрінен ашық түріне өзгерту арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда, өтінішті беру күніне меншікті капитал жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді орындауы;
      3-1) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны мен корпоративті Қорды қайта ұйымдастыру кезінде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
      3-2) ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін мынадай тұлғаларда:
      басқа Қордың және (немесе) өзге заңды тұлғалардың қосылу нәтижесінде қайта ұйымдастырылған Қорда;
      қайта ұйымдастырылған Қорда және қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған Қорда (Қорларда);
      Қордың корпоративті түрінен ашық түріне өзгерту нәтижесінде болған ашық Қорда ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның жазбаша келісімінің болуы;
      4) Қордың (Қорлардың) меншікті капитал жеткіліктілігінің және зейнетақы активтерінің кірістілігі коэффициенттерінің болжамдық мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) бекітілген Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталған күнінен не осы Қордың корпоративті түрінен ашық түріне өзгеру кезінде Қорға зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүргізуге лицензиясы берілген күнінен кейін келетін бірінші есепті күніне сәйкестігі;
     4-1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша Қордың қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігі;
      5) қайта ұйымдастыруды қосылу нысанында жүзеге асырған кезде өзіне басқа Қорды (заңды тұлғаны) қосып алған Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шараларының жеткіліктілігі;
      6) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайдағы экономикалық шоғырлануына келісім беру туралы шешімінің болуы.
      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – Ұйым) Қорға қосылған жағдайда Ұйымның басқа Қорлардың алдындағы міндеттемелері болмайды.
      Осы тармақтың 1), 2), 3-2) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің қатысуы бар Қорға, ұлттық әл-ауқат қорына және (немесе) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыруы қосылу нысанында жүзеге асырылған кезде таралмайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 169 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      3. Қор (Қорлар) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алу үшін Қордың бірінші басшысының (ол болмаған жағдайда оның орнындағы тұлғаның) (Қорлардың бірінші басшыларының (олар болмаған жағдайда олардың орнындағы тұлғалардың) қолы қойылған өтінішін ұсынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 169 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке Заңның 43-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса беріледі.
      Қайта ұйымдастыруды қосылу нысанында жүзеге асырған жағдайда өтінішке қоса берілетін құжаттар тек қосылу өзіне жүзеге асырылатын Қормен ғана ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 169 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастырылуының болжам шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін көрсететін құжат Қор акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру жоспары түрінде ресімделеді.
      Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру жоспары мыналарды қамтиды:
      1) қайта ұйымдастыру жүргізудің негіздемесі мен қайта ұйымдастырудың нысанын;
      2) зейнетақы және меншікті активтеріне қатысты әрекет ету тәртібін көрсетуді қоса алғандағы қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша іс-шараларды;
      3) қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтаудың болжамды мерзімдерін;
      4) қосылатын Қор салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, зейнетақы активтерін төлеу және аудару жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтерді;
      5) пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтерді;
      6) қайта ұйымдастыруды қосылу нысанында жүзеге асырған кезде өзіне басқа Қорды (заңды тұлғаны) қосып алған Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы мәліметтерді;
      7) Қордың ұйғаруы бойынша қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге ақпаратты.
      Мемлекеттің қатысуы бар Қор (Қорлар), ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру жоспарында осы тармақта көзделген ақпаратқа қосымша қайта ұйымдастырылған Қордың (Қорлардың) қызметін осы Ереженің 2-тармағының 1), 2), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келтіру мерзімдері туралы, жоспарланған іс-шаралары мен олардың орындалуына жауапты басшы қызметкерлері көрсетілген мәліметтері болады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 169 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      6. Қайта ұйымдастыруды қосылу нысанында жүзеге асырған жағдайда қайта ұйымдастыру туралы және Қайта ұйымдастыру жоспарын бекіту туралы шешімдер оған қосылатын Қордың және қосылатын Қордың немесе өзге заңды тұлғаның акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғам акционерлерінің дауыстарының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
      7. Қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қайта ұйымдастыру рәсіміне қатысатын Қордың мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауын қамтиды:
      инвестициялық портфель бойынша кірістілігінің болжамы;
      қаржылық есептіліктері негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға тиімділік көрсеткіштерін талдау;
      зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша болжамы;
      меншікті активтерінің мөлшері бойынша болжамы;
      инвестициялық портфелінің құрылымы бойынша салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейін мерзімдері кескініндегі болжамы;
      қайта ұйымдастырудан кейінгі зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны өзгеруінің болжамы.
      8. Уәкілетті орган Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті Заңның 43-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.
      Уәкілетті органның Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беруі оны берген күннен бастап тоғыз ай ішінде қолданылады.
      Уәкілетті органның Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беру қолданысы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
      1) Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталғанда;
      2) негізінде рұқсат берілген осы Ереженің 2-тармағында көзделген талаптар бұзылғанда, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін тоқтатылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 169 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Осы Ереженің 2-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда уәкілетті орган қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды қарамай қайтарады.
      10. Уәкілетті органның Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартуы Заңның 44-бабында көзделген негіздемелер бойынша іске асырылады.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на реорганизацию накопительного пенсионного фонда

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 августа 2009 года № 199. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 октября 2009 года № 5811. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 56

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешения на реорганизацию накопительного пенсионного фонда.
      2. Признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты:
      1) приказ Председателя Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 сентября 2000 года № 100-П "Об утверждении "Инструкции о порядке реорганизации накопительных пенсионных фондов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1265);
      2) постановление Правления Агентства от 15 марта 2004 года № 70 "О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 сентября 2000 года № 100-П "Об утверждении "Инструкции о порядке реорганизации и ликвидации негосударственных накопительных пенсионных фондов", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1265" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2821, опубликованное в 2004 году в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 37-40, ст. 1008).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Утверждены         
постановлением Правления 
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору
финансового рынка и   
финансовых организаций  
от 28 августа 2009 года № 199

Правила
выдачи разрешения на реорганизацию накопительного
пенсионного фонда

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 43 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее - Закон) и устанавливают условия и порядок выдачи уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) разрешения на реорганизацию накопительного пенсионного фонда (далее - Фонд).
      2. Разрешение уполномоченного органа на реорганизацию Фонда выдается при соблюдении Фондом следующих условий:
      1) отсутствии неисполненного обязательства по возмещению начисленной суммы отрицательного комиссионного вознаграждения посредством перечисления суммы задолженности за счет собственных средств в счет пенсионных активов;
      2) отсутствии неисполненного обязательства по возмещению отрицательной разницы между показателем номинальной доходности Фонда и минимальным значением доходности перед вкладчиками (получателями) Фонда;
      3) выполнении на дату подачи ходатайства пруденциальных нормативов по достаточности собственного капитала и доходности пенсионных активов в случае осуществления реорганизации путем изменения вида Фонда из корпоративного в открытый;
      3-1) отсутствии неисполненных обязательств по возмещению отрицательной разницы между номинальной стоимостью пенсионных накоплений вкладчика (получателя), сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, и реальной стоимостью пенсионных накоплений вкладчика (получателя), сформированных за счет обязательных пенсионных взносов при реорганизации корпоративного Фонда;
      3-2) наличии письменного согласия уполномоченного органа на приобретение статуса крупного участника у лиц, которые будут соответствовать признакам крупного участника:
      реорганизованного Фонда в результате присоединения к нему другого Фонда и (или) иных юридических лиц;
      открытого Фонда в результате изменения вида Фонда из корпоративного в открытый;
      4) соответствии прогнозного значения коэффициентов достаточности собственного капитала и доходности пенсионных активов Фонда (Фондов), установленных постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 180 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для накопительных пенсионных фондов" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5789) на первую отчетную дату после завершения процедуры реорганизации Фонда (Фондов) либо выдачи лицензии на осуществление деятельности по привлечению пенсионных взносов и осуществлению пенсионных выплат Фонду, при изменении вида данного Фонда из корпоративного в открытый;
      4-1) достаточности мер, предусмотренных Планом реорганизации Фонда, по обеспечению непрерывного исполнения обязательств перед вкладчиками (получателями) по договорам о пенсионном обеспечении;
      5) достаточности мер, предусмотренных Планом реорганизации Фонда, по обеспечению бесперебойного функционирования программно-технических средств и автоматизированной информационной системы Фонда, присоединившего к себе другой Фонд (юридическое лицо) при осуществлении реорганизации в форме присоединения;
      6) наличии решения уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности, о согласии на экономическую концентрацию в случае осуществления реорганизации в форме присоединения.
      В случае присоединения организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами (далее - Организация), к Фонду, Организация не имеет обязательств перед другими Фондами.
      Требования, установленные в подпунктах 1)2)3-2) и 4)настоящего пункта, не распространяются на Фонд с участием государства, фонда национального благосостояния и (или) государственного учреждения "Национальный Банк Республики Казахстан" при осуществлении реорганизации в форме присоединения.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 29.11.2010 № 169 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      3. Для получения разрешения уполномоченного органа на реорганизацию Фонд (Фонды) представляет (представляют) ходатайство, подписанное первым руководителем (при отсутствии лицом, его замещающим) Фонда (первыми руководителями (при отсутствии лицами, их замещающими) Фондов).
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правления АФН РК от 29.11.2010 № 169 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      4. К ходатайству о выдаче разрешения на реорганизацию Фонда  (Фондов) прилагаются документы, предусмотренные частью второй пункта 1 статьи 43 Закона.
      В случае осуществления реорганизации в форме присоединения документы, прилагающиеся к ходатайству, представляются только Фондом,  к которому осуществляется присоединение.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 29.11.2010 № 169 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      5. Документ, излагающий предполагаемые условия, формы, порядок и сроки реорганизации Фонда (Фондов), оформляется в виде Плана реорганизации Фонда (Фондов), утвержденного решением общего собрания акционеров Фонда.
      План реорганизации Фонда (Фондов) содержит следующую информацию:
      1) основание для проведения реорганизации и форму реорганизации;
      2) мероприятия по проведению реорганизации, включая описание порядка действий в отношении пенсионных и собственных активов;
      3) предполагаемые сроки завершения мероприятий, связанных с реорганизацией;
      4) сведения о мерах по обеспечению выполнения обязательств по выплатам и переводам пенсионных активов с учетом структуры вкладчиков (получателей) присоединяемого Фонда;
      5) сведения о мерах по обеспечению выполнения пруденциальных нормативов;
      6) сведения о мерах по обеспечению бесперебойного функционирования программно-технических средств и автоматизированной информационной системы Фонда, присоединившего к себе другой Фонд (юридическое лицо) при осуществлении реорганизации в форме присоединения;
      7) иную информацию по усмотрению Фонда, отражающую особенности реорганизации.
      В случае реорганизации в форме присоединения Фонда (Фондов) с участием государства, фонда национального благосостояния и (или) государственного учреждения "Национальный Банк Республики Казахстан", План реорганизации Фонда (Фондов) в дополнение к информации, предусмотренной настоящим пунктом, содержит сведения о сроках приведения деятельности реорганизованного Фонда (Фондов) в соответствие с условиями, предусмотренными подпунктами 1)2)3-2) и 4) пункта 2 настоящих Правил, с указанием запланированных мероприятий и руководящих работников, ответственных за их выполнение.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 29.11.2010 № 169 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      6. При осуществлении реорганизации в форме присоединения решения о реорганизации и об утверждении Плана реорганизации Фонда принимаются на совместном общем собрании акционеров Фонда, к которому осуществляется присоединение, и присоединяемого Фонда или иного юридического лица квалифицированным большинством голосов акционеров каждого отдельного общества.
      7. Финансовый прогноз последствий реорганизации включает в себя краткосрочный, среднесрочный и долгосрочный анализы следующих показателей Фонда, участвующего в процедуре реорганизации:
      прогноз доходности по инвестиционному портфелю;
      анализ показателей рентабельности к собственным активам и к собственному капиталу на основе финансовых отчетов;
      прогноз по размеру пенсионных активов;
      прогноз по размеру собственных активов;
      прогноз по структуре инвестиционного портфеля в разрезе отраслей, валют, видов финансовых инструментов, сроков до погашения;
      прогноз изменения стоимости условной единицы пенсионных активов после реорганизации.
      8. Ходатайство о выдаче разрешения на проведение реорганизации Фонда (Фондов) рассматривается уполномоченным органом в срок, предусмотренный частью третьей пункта 1 статьи 43 Закона.
      Разрешение уполномоченного органа на проведение реорганизации Фонда (Фондов) действует в течение девяти месяцев с даты его выдачи.
      Действие разрешения уполномоченного органа на проведение реорганизации Фонда (Фондов) прекращается до истечения срока, установленного частью второй настоящего пункта, при наступлении одного из следующих случаев:
      1) завершения процедуры реорганизации Фонда (Фондов);
      2) нарушения условий, предусмотренных пунктом 2 настоящих Правил, на основании которых было выдано данное разрешение.
      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правления АФН РК от 29.11.2010 № 169 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      9. В случае невыполнения условий, предусмотренных в пункте 2 настоящих Правил, уполномоченный орган возвращает документы, представленные для получения разрешения на реорганизацию, без рассмотрения.
      10. Отказ в выдаче разрешения уполномоченного органа на реорганизацию Фонда производится по основаниям, предусмотренным статьей 44 Закона.