Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1265 тіркелген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-П "Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі туралы Нұсқаулықты" бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70 қаулысы. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2821. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 199 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.08.28 N 199 Қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1265 тіркелген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-П "Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі туралы нұсқаулықты" бекіту туралы", (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1265 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілер Жинағында, 4-том, 2001 жылы жарияланған),  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атаудағы "және мемлекеттік емес тарату" деген сөз алынып тасталсын;

      2 және 3-тармақтардағы "және мемлекеттік емес тарату" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі туралы Нұсқаулықта:
      атаудағы "және мемлекеттік емес тарату" деген сөз алынып тасталсын;

      1-тармақтағы:
      ", таратылатын мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) зейнетақы активтерін, зейнетақы шарттары бойынша оның міндеттемелерін басқа қорға табыстау процесі" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жөніндегі комитетін" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, банк-кастодиандардың, сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Нұсқаулықтың мәтіні бойынша "Комитетті", "Комитет", "Комитеттің" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органды", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-5-тараулар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына табыстауды жүзеге асыру және еріксіз және ерікті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетінің қалыптасу ерекшеліктері және қызметі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы күшіне енген күннен бастап қолданысқа енеді.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, банк-кастодиандарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады