Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4175 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4365тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 36 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4599 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде жарияланған), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 172 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4842 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 39 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5218 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банктің жарияланған акцияларын сатып алу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 161 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5389 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 237 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5541 тіркелген, 2009 жылғы 6 наурызда N 35 (1458) "Заң газеті" газетінде, 2009 жылы N 5 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 63 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5665) тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
кіріспеде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасында "атауы" деген сөз "атауы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
"24-2. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бірыңғай жеке шоттар жүйесінде көрсетуден бас тартуын алған жағдайда тіркеуші көрсетілген мәмілені жасауға тіркелген тұлғалардың бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізілген жеке шоттарды бұйрықтарда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру сәтіне дейін бастапқы күйіне әкеледі.";
44-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Тіркеуші бұйрықтарының нысаны мен мазмұны осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Мәмілені тізілімдер жүйесінде тіркеу уақыты тіркеушінің мәмілені бірыңғай жеке шоттар жүйесінде көрсету туралы өкімін алғаннан кейін бір сағат ішінде тіркеушіге жіберілетін орталық депозитарийдің мәміле бірыңғай жеке шоттар жүйесінде көрсетілгені туралы растауы бар болған жағдайдағы тіркеушінің Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңының 36-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру уақыты болып табылады.
Мәмілені тізілімдер жүйесінде тіркеу уақыты бірыңғай жеке шоттар жүйесінде көрсетіледі.".
2. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтардан басқа, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова