Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 237 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5541 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын , "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4175 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4365 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 36 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4599 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 172 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4842 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 39 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5218 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтердің жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;";
      мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3, 1-4 тармақтармен толықтырылсын:
      "1-2. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және жеке немесе аффилиирленген тұлғаларымен бірге осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан астам пайызын иемденетін эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс.
      Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге осы Ереженің 1-4-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалармен шарт жасаспайды.
      1-3. Тіркеуші жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді және тіркеушінің уәкілетті органымен бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннің ішінде жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептілікті жариялайды.
      Тіркеуші аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
      1-4. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аффилиирленген тұлғаларды есепке алуды жүргізеді.
      Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші мына тұлғаларды есепке алуды тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүргізеді:
      1) қатысушыларды;
      2) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын жеке тұлғамен жақын туыстықта (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды;
      3) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
      4) осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
      5) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды;
      6) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүшелігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
      7) оларға қатысты тіркеуші ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
      8) тіркеушімен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды;
      9) тіркеуші қабылдайтын шешімдерді айқындайтын шартпен тіркеушімен байланысты тұлғаларды.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру бойынша тіркеушінің іс-әрекеті эмитент және бағалы қағаздарды ұстаушы берген мәліметтерді қабылдаумен, тексерумен, өндеумен, тізілімдер жүйесіне енгізумен және тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы орталық депозитарийге өкімді жіберумен сипатталады. ";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру орталық депозитарийден тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгені туралы орталық депозитарийдің растауын алғаннан кейін аяқталады. ";
      5-тармақта:
      12) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгенін растайтын құжаттар;";
      6-тармақта:
      6) тармақшасындағы "туралы мәліметтер болады." деген сөздер мен тыныс белгісі "туралы;" деген сөзбен және тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы мәліметтер болады.";
      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтер жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі.";
      мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
      "24-1. Жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілмеген мәміле тіркелінген болып табылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 53-1 тармақпен толықтырылсын:
      "53-1. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тарту үшін негіз болмағанда, тіркеуші бұйрықты алған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде мәміле көрсетілгені туралы орталық депозитарийдің растауын алғаннан кейін бұйрық орындалғаны жөніндегі есепті жібереді.";
      54-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) орталық депозитарийдің мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетуден бас тартуын алған;";
      63-тармақта:
      11) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтер жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгенін растайтын құжаттар.";
      64-тармақ алынып тасталсын;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      " 65. Тізілімдер жүйесін құрайтын электрондық (қағаз) жеткізушідегі мәліметтер жоғалған немесе жоғалтып алынған жағдайда, тіркеуші:
      бір жұмыс күні ішінде ол туралы эмитентке, уәкілетті органға және орталық депозитарийге хабарлайды;
      тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді қалпына келтіру мақсатында, Тіркеушінің ішкі құжаттарында тізбесі айқындалатын баспасөз басылымдарында қағаз жеткізушіде мүдделі тұлғалардың құжаттарды беруі қажеттілігі жөніндегі ақпаратты жариялайды;
      тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді қалпына келтіру мақсатында, тіркеуші электрондық жеткізушіде орталық депозитарийге жүргізілуін тіркеуші жүзеге асыратын жоғалған немесе жоғалтып алынған тізілімдер жүйесінің мәліметтерін көрсететін, жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі мәліметтерді оған беру жөніндегі сұранысты жібереді;
      жоғалған немесе жоғалтып алынған мәліметтерді олар жоғалған немесе жоғалтып алынған күннен бастап екі апта ішінде қалпына келтіреді.";
      мынадай мазмұндағы 65-2, 65-3 және 65-4 тармақтармен толық ырылсын:
      "65-2. Тіркеуші айына бір реттен кем емес есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тізілімдер жүйесінде ашылған, жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын жеке есепке алудың деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
      65-3. Эмитентпен шартты бұзған жағдайда, тіркеуші тізілімдер жүйесінің деректерін жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен салыстырып тексеру үшін орталық депозитарийге шартты бұзу күнінде қалыптасқан бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімін жібереді.
      65-4. Осы Ереженің 65-2 және 65-3 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексеру нәтижесі бойынша тізілімдер жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкес келген (сәйкес келмеген) жағдайда, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері деректердің сәйкес келгенін (сәйкес келмегенін) салыстырып тексеру актісіне (сәйкес келмеу актісіне) қол қою арқылы растайды.
      Салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар сәйкес келмеу актісін ресімдеген жағдайда, сәйкес келмеу актісін жасаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.";
      66-тармақта:
      бірінші абзац "күн ішінде" деген сөздерден кейін "орталық депозитарийге және" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац "күн ішінде" деген сөзден кейін "орталық депозитарийге және" деген сөздермен толықтырылсын;
      67-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шартты бұзған жағдайда, тіркеуші бір жұмыс күні ішінде ол туралы орталық депозитарийге хабарлайды және эмитенттің жазбаша хабарламасында көрсетілген жаңа тіркеушіге осы эмитенттің тізілімдер жүйесін құрайтын мына құжаттарды өткізеді:";
      тоғызыншы абзацта " Тіркеушіден лицензия айырған жағдайда " деген сөздер "Тіркеушіні лицензиясынан айырған не лицензиясының қолданылуын тоқтатқан жағдайда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "68. Осы Ереженің 67-тармағында көрсетілген құжаттар қағаз және (немесе) электрондық нысанда жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі деректер тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі деректермен сәйкес келетінін растайтын орталық депозитариймен жасалған салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін беріледі.
      Бұрынғы тіркеушіден шартты бұзу күнінде қалыптасқан бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдерін алғаннан кейін, жаңа тіркеуші оны орталық депозитарийге салыстырып тексеруді жүргізу үшін жібереді.".
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші-жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.       

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады