Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010.04.29 № 100 Бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 76 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3648 тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсанда N 237-238 "Юридическая газетада" жарияланған) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстан Республикасында Статистикалық есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы" N 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1947 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 34, 677-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында Статистикалық есептілікті ұсыну ережесі мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Есеп беретін бірлік салық төлеушінің (салық агентінің) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдауына байланысты салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы салық органының шешімін мемлекеттік статистика органына ұсынған жағдайда статистикалық есептілік ұсынылмауы мүмкін.".
2. Тіркелімдер және жіктелімдер департаменті (С.Қ. Қосбергенов) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрайымның міндетін
атқарушы Ж. Омаров