Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 100 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың Бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі № 71 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 25 шілдеде № 1928 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34, 676-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 72 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда № 1947 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34, 677-құжат);
      3) «Мемлекеттік статистика органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 127 бұйрығының (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 2, 15-құжат);
      4) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 мамырдағы № 76 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 24 мамырда № 3648 тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 237-238 Заң газетінде жарияланған);
      5) «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2007 жылғы 8 мамырдағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 6 маусымда № 4704 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, мамыр-маусым);
      6) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасында Статистикалық есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» № 72 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрайымының міндетін атқарушының 2009 жылғы 23 қазандағы № 173 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 қарашада № 5846 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашадағы № 181(1778) Заң газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.Бралина):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппеп оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                           Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады