Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына сәйкес, сондай-ақ темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауындағы "өткізу ережесін" деген сөздер "өткізу жөніндегі нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 1-тармағындағы "ережесі" деген сөз "жөніндегі нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:
ереженің атауындағы "өткізу ережесін" деген сөздер "өткізу жөніндегі нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесіне", "осы Ережеге", "осы Ережеде" деген сөздер "Нұсқаулық", "Нұсқаулыққа", "осы Нұсқаулыққа", "осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарғы оң жақтағы қосымшалардағы "өткізу ережесіне" деген сөздер "өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "әлеуетті" деген сөзден кейін "жеткізуші", "жеткізушінің", "жеткізушіге", "жеткізушілерге" деген сөздер "тасымалдаушы", "тасымалдаушының", "тасымалдаушыға", "тасымалдаушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тендер уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттама негізінде жүргізіледі.
Конкурстық құжаттама "Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жүруі болжанатын жолаушылар поезды қозғалысының кестесі базасында қалыптастырылған лоттар және осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде әзірленеді.";
4-тармақ "жеңімпазды анықтау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "жеңімпаздарды анықтайды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзартудан бас тарту немесе мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тендер ұйымдастырушысы өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсынумен байланысты сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі және Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді салыстыру және бағалау, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия мәжілісінің хаттамасына қоса тіркеледі.";
9-тармақ "тасымалдаушылар" деген сөздің алдынан "әлеуетті" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақ:
"Тендерге қатысу" деген сөздерден кейін "және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту" деген сөздермен және "тасымалдаушылар" деген сөздің алдынан "әлеуетті" деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдауға лицензиясының болуы;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын, техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушы жылжымалы құрамының болуы бұл ретте (жалпы вагон, плацкарт вагон, купе) үлгілері бойынша тиісінше көрсетілген жолаушылар вагондарының саны ("Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санының кемінде 30 пайызын, ал электр дизель поездар вагондарының саны - 100 пайыз құрауы тиіс;";
4) тармақшада:
"болуы туралы мәліметтер" деген сөздер "болуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз "білікті" деген сөзбен ауыстырылсын;
"кепілхат - міндеттеме" деген сөздер "кепілдік" деген сөзбен ауыстырылсын;
"штатын" деген сөздің алдынан "білікті" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "3" деген сан "5" деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Тасымалдаушының магистралдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартымның және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау және оған техникалық қызмет көрсету, вагондарды жалға алу, ғимараттарды жалға беру қызметін ұсыну мен вокзалдарда соңғы 9 айда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсету бойынша басқа да темір жол ұйымдарының алдында берешегінің жоқтығы немесе екі жақты келісім бойынша тасымалдаушының қарызын немесе осы тұлғалардың бірінші басшыларының қолы қойылған берешекті кепілдемелік өтеу кестесін қамтитын екі жақты келісімнің болмауы.";
11-тармақ:
"Тасымалдаушы тендерге қатысу" деген сөздер "Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес үлгілері, саны, шыққан жылы, вагондардың зауыттық нөмірлері, техникалық күйі және жоспарлы жөндеу түрлері көрсетіле отырып (жеке меншік құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншік және (немесе) сенімгерлік басқарудағы, мүлікті жалдау немесе басқа да заңды негіздерде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркі туралы мәліметтер;";
5) тармақшада:
"өтінімдер" деген сөзден кейін "және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер" деген сөздермен толықтырылсын;
"тұлғаның" деген сөзден кейін "(осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Поезд бригадалары қызметкерлерінің тиісті әлеуметтік маңызды маршруттарға қызмет көрсету үшін жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер және/немесе осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес бұрын әлеуметтік маңызды маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат-міндеттеме.";
мынадай мазмұндағы 10)-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) магистральдық темір жол желісі операторынан алынған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының аумағында нақты болуын растайтын құжат;
11) магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тартым операторымен, техникалық көмек көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау бойынша қызметтер, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтер көрсететін темір жол ұйымдарымен мүдделер туралы жасалған шарттың нотариалды түрде расталған көшірмесі;
12) Шарттың мерзімін ұзартуға өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған магистральдық темір жол желісінің локомотивтік тартым операторының және вагондарды жалдау, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтер көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының алдындағы берешек бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстыру актісі немесе берешек болған кезде бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екі жақты келісім;
13) Осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес шарттың мерзімін ұзартуға мәлімделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар.";
12-тармақтағы "қатысу" деген сөзден кейін "және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы "өтінімде" деген сөзден кейін "және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімде" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Әлеуетті тасымалдаушы тендерлік құжаттаманы және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді конвертке салып аузын желімдейді, онда әлеуетті тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Конверттер тендерді ұйымдастырушыға (комиссияға) мынадай белгілермен жіберілуі тиіс:
тендерге қатысу ниеті болған жағдайда - "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурсқа арналған тендерлік өтінім;
Шартты ұзарту ниеті болған жағдайда - "Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді (Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы (Комиссия) тендерлік өтінімдерді (Шартты ұзартуға арналған өтінімдерді) ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.";
17-тармақтағы "тендерлік" деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтағы "жағдайларды" деген сөз ", барлық маршруттар бойынша Шарттың мерзімін ұзартуды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, жолаушыларды тасымалдауды жылдың аяғына дейін Жолаушыларды, жүктерді, жүк багажын және пошталық жөнелімдерді Ұлттық тасымалдаушы бұрын қызмет көрсеткен қызметкерлердің штатын (жолсеріктер және поездар бастықтары) міндетті түрде пайдалана отырып, тиісті кезеңге бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде жүзеге асырады.";
20-тармақтағы "тендерлер" деген сөздің алдынан "әлеуетті" деген сөзбен толықтырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тіркеу журналына өтінімдерді (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен жүзеге асырылады және тендерді өткізу күніне дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады, ал Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Шарт қолдану мерзімі аяқталғанға дейін отыз бес күнтізбелік күн ішінде аяқталады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын әлеуетті тасымалдаушылардың атауы мен тұратын жерін, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссия тиісті хаттаманы жасайды және қол қояды.";
Мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конверттерді ашу рәсіміне қатысқандар, төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
Уәкілетті орган өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) әлеуетті тасымалдаушыларға немесе ашу рәсіміне қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жолдайды немесе ұсынады;
2) өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында бар және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақысыз негізде барлық мүдделі тұлғалар танысу үшін қол жетімді болуы тиіс.
23-2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрау салуымен немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті органның осындай сұрау салуды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі ұсынылады.";
24-1-тармақта:
бірінші абзацтағы "тендерлік" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "өтінімді" деген сөз "(Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімді)" деген сөздермен толықтырылсын;
"құжаттаманың" деген сөзден кейін "(осы Нұсқаулықтың)" деген сөздермен толықтырылсын;
24-2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) әлеуетті тасымалдаушы осы Нұсқаулықтың 37-тармағының талабын орындамаса, тасымалдаушы өтінімді қайтарады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі заңды деп танылады.
Конкурсты өткізу кезінде комиссияның кез келген мүшесінің және хатшысының болмауына дәлелді себептер болған кезде осы фактіні растайтын құжатты ұсынғанда жол беріледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелері қолдарын қояды.
Уәкілетті орган тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) әлеуетті тасымалдаушыларға тендердің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді;
2) тендердің корытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Тендердің қорытындылары туралы хаттамада бар және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақысыз негізде барлық мүдделі тұлғалар танысу үшін қол жетімді болуы тиіс";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендердің жеңімпазы мен уәкілетті орган арасында осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Шарт жасалады";
33-тармақта "тендер" деген сөзден кейін "комиссиямен" деген сөзбен толықтырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қайталанған тендер өткізу туралы
2) тендерге қатысуға бір ғана әлеуетті тасымалдаушы жіберілген жағдайда онымен Шарт жасасу туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялар сомасынан артық болмауы тиіс.";
3) тармақша алынып тасталсын;
33-1-тармақ алынып тасталсын;
34-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "осы бағытта бұрын қызмет еткен қызметкерлердің білікті штатын (жолсеріктер және поездар бастықтары) пайдалана отырып тиісті жылға бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта:
"тапсырыс беруші" деген сөз "уәкілетті орган" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау" деген сөздер алынып тасталсын;
37-тармақшадағы "ұсынылатын" деген сөз "әлеуетті" деген сөзбен толықтырылсын;
38-тармақта:
"жеткізуші" деген сөз "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланған тендерді ұйымдастырушының банктік шотына салынатын кепілдік ақшалай жарна;
2) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған банктік кепілдеме.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тараулармен толықтырылсын:
"7. Шарттың мерзімін ұзарту
40. Темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Шарттың мерзімін ұзарту туралы комиссия шешімінің негізінде жыл сайын Шарттың мерзімін 1 жылдан аспайтын мерзімге және 3 реттен асырмай ұзартады. Қолданылу мерзімі ұзартылған Шарттың бағасы тиісті жылға бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауы тиіс.
41. Уәкілетті орган тиісті жылға әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырудың негізгі шарттарын осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітеді және тасымалдаушыға ұсынады.
42. Шарттың мерзімін ұзарту мәселесін қарау үшін тасымалдаушы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін 40 күнтізбелік күн қалғанда уәкілетті органның мекенжайына Шарттың мерзімін ұзартуға өтінімді осы Нұсқаулыққа 10 және 11-қосымшаларға сәйкес осы Нұсқаулықтың 11-тармағының 2) - 5) және 7) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
43. Комиссия ұсынылған өтінім осы Нұсқаулықтың 42-тармағына сәйкес келмесе Өтінімді кері қайтарады.
44. Комиссия үш жұмыс күні ішінде тиісті хаттаманы ресімдей отырып, тасымалдаушылардың Шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерін қарау қорытындыларын жасайды.
45. Шарттың мерзімін ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тасымалдаушының осы Нұсқаулықтың 10-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес болуы;
2) қолданыстағы Шарт бойынша міндеттемелердің тиісті түрде орындалуы;
46. Комиссия тасымалдаушымен Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда тасымалдаушы мен уәкілетті орган арасында үш жұмыс күні ішінде қосымша келісім жасалады.
8. Ерекше шарттар
47. Темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушы магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тартым, жолаушы вагондарын жалға беру, техникалық қызмет көрсету және отынмен және сумен жабдықтау, вокзал қызметтерін ұсыну бойынша қызметтерді ұсынуға реттелетін рыноктар субъектілерінің шарттары мен бағаларында шарттар жасасады және Шартты жасасқаннан немесе мерзімін ұзартқаннан кейін бір айлық мерзімде уәкілетті органға шарттардың көшірмелерін ұсынады.
48. Уәкілетті орган тасымалдаушымен Шартты мынадай жағдайларда біржақты тәртіппен бұзады:
1) тасымалдаушы уәкілетті орган алдындағы өзінің шарттық міндеттерін тиісті түрде орындамауы;
2) осы Нұсқаулықтың 47-тармағын орындамау;
3) ақша қаражатын мақсатсыз пайдалануды анықтау.";
көрсетілген ережеге 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 4-қосымшада:
1.2-тармақта "200_" деген сандар "20_" деген сандармен ауыстырылсын:
2.4-тармақта:
"Жеткізуші" деген сөз "Орындаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алмаса" деген сөзден кейін "сондай-ақ Орындаушының бастамасы бойынша Шарт бұзылса" деген сөздермен толықтырылсын";
2.5-тармақта "жоғарылатуын" деген сөзден кейін "қалыптастыру мен айналым пунктінің, қозғалыс кестесінің өзгеруін оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
Мынадай мазмұндағы 2.7 - 2.11-тармақтармен толықтырылсын;
"2.7. Орындаушы Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша олар белгілеген мерзімде қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты ақпаратты және есепті ұсынуға міндетті.
2.8. Тапсырыс беруші осы Шартқа сәйкес бөлінетін ақша қаражатын нысаналы пайдалану мониторингін жүргізеді.
2.9. Орындаушы Тапсырыс беруші мониторинг жүргізуі үшін осы Шарттың 2.8-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
2.10. Егер де ақшалай қаражаттың нысаналы емес пайдаланылғандығы анықталған жағдайда, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалының жоспарланған көлемі орындалмаған жағдайда, Тапсырыс беруші анықталған сомаға пропорционалды түрде қаражат ұстап қалуды қамтамасыз етеді. Орындаушы тиісті бағыт бойынша Шарт сомасының 3 %-ы көлеміндегі ақшалай қаражатты қайтарады.
2.11. Орындаушы Шартты жасасқан сәттен бастап бір ай ішінде тапсырыс берушіге магистральдық темір жол желісінің операторымен, локомотивтік тартыммен, вагондарды жалға ұсыну, техникалық қызмет көрсету және сумен және маймен жабдықтау, вокзал қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсететін темір жол ұйымдарымен жасалған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.";
3.2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2.3. магистральдық темір жол желісі операторының қатынас бойынша орындалған тасымал көлемін растайтын және тасымалданған вагондардың үлгілері бойынша саны вагондардың түрлері, жолаушылар айналымы, вагонның адамдармен толықтырылуы туралы, сондай-ақ осы поезда жол жүру құжаттарын сатудан түскен табыстың сомасы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты";
мынадай мазмұндағы 3.2.4 - 3.2.6-тармақшалармен толықтырылсын:
"3.2.4. есептік айдың бірінші күніне тасымалдаушы мен магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартымының арасындағы өзара есеп айырысуларды тексеру актісі.
3.2.5. темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен табыстар бойынша ай сайынғы есептер.
3.2.6. тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша тікелей шығыстарының тізілімі.";
мынадай мазмұндағы 4.1-2-тармақпен толықтырылсын:
"4.1-2. Орындаушы поездардың құрамы бөлігінде Шарттың талаптарын орындамау жағдайында осы Шарттың 3.5-тармағына сәйкес Тапсырыс берушіге төленген субсидияларды кері қайтаруды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 4.3-тармақпен толықтырылсын:
"4.3. Орындаушы осы Шарттың 3.2-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде Шарт талаптарын орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші айына субсидияланатын сомадан 0,1 % мөлшерінде әр өткізілген күн үшін тұрақсыздық айыппұлын төлемдер бойына қаржыландыру жоспарына сай қамтамасыз етеді.";
6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6.1. Шарт 20__ жылғы "__" "______" бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.";
мынадай мазмұндағы 6.1.-1-тармақпен толықтырылсын:
"6.1.-1. Осы Шартқа тиісті қосымша келісім жасасу жолмен Шарттың мерзімі ұзартылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 6.3.-1-тармақпен толықтырылсын:
"6.3.-1. Шартты уақытынан бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашылық жасаған тарап Шартты бұзғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын басқа тарапты осы туралы хабардар етуге міндетті.";
6.6-тармақтағы "200_" деген сандар "20___" деген сандармен ауыстырылсын;
Шартқа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4 - 9-қосымшаларға сәйкес 6 - 11-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ. Уандыков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2004 жылғы 03 қарашадағы N 462 бұйрығына
1-қосымша
Шығындары республикалық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Әлеуметтік маңызды қатынастарда тендерге шығарылған маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар
Әлеуметтік маңызды қатынастар маршрут(тар) атауы |
Қашықтығы, км |
Қатынауының кезеңдігі |
Вагон түрі |
Жылжымалы құрамды құрастыру |
|||||||||
Жылдық орташа ең төменгі құрам |
Ең төменгі құрам |
||||||||||||
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
|||||
купе |
|||||||||||||
плацкарт |
|||||||||||||
жалпы |
|||||||||||||
жиыны |
Кестенің жалғасы
Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемі, мың адам |
Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км |
Қажетті субсидияның көлемі, мың теңге |
Жолаушыларға көрсетілетін қосымша қызметтер |
|||
Қазан |
Қараша |
желтоқсан |
||||
Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының деңгейі туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Субсидиялау көлемі жөніндегі деректер қоса берілген жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі экономикалық көрсеткіштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.
Қосымша:
1)______________________;
2)______________________;
3)______________________.
Тасымалдаушы:___________________________________
Т.А.Ә.. қолы, күні
М.О.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына 2-қосымша
20__ жылға арналған Тасымалдаушының
әлеуметтік мәні бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдауды
жүзеге асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау туралы шартқа қосымша
Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар тізбесі
N |
поезд N |
Маршрут |
Қатынауының кезеңділігі |
Вагон түрі |
Жылдық орташа ең төменгі құрам |
Ең төменгі құрам |
|||||||
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
||||||
купе |
|||||||||||||
плацкарт |
|||||||||||||
жалпы |
|||||||||||||
жиыны |
Кестенің жалғасы
Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемі, мың адам |
Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км |
Субсидиялануға жататын сома, мың теңге |
||||
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
|||
Осы қосымша Тасымалдаушының әлеуметтік мәні қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау туралы 20 __ ж. N__ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады
Тапсырушы Орындаушы
___________________________ ___________________________
(толық атауы) (толық атауы)
___________________________ ___________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
___________________________ ___________________________
(телефон, факс) (телефон, факс)
СТН _______________________ СТН _______________________
___________________________ ___________________________
(деректемелер) (деректемелер)
___________________________ ___________________________
(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
______________ ______________
(қолы) (қолы)
___________________________ ___________________________
"__"__________ "__"__________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
3-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды
облысаралық қатынастар бойынша
темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 5-қосымша
Поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке штатының болуы туралы мәлімет
Р/С N |
Т.А.Ә. |
Қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілімі |
Біліктілігі (диплом бойынша мамандығы, куәлігі және басқа да білім туралы құжаттар) |
Атқаратын қызметі |
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
4-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы ______________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге ______________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N ______ кепілдік міндеттеме
___________________ _____ ж. "___"__________
(орналасқан жері)
Біз __________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
бұдан әрі "Жеткізуші" жалпы сомасы _________________________ теңгеге,
(жазумен)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырған шығындарды республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын - тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсына қатысатындығынан хабардармыз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ____ж. "___"_____
конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізулері көзделген.
Осыған байланысты біз __________________ осымен өзімізге Сіздің талап
(банктің атауы)
етуіңіз бойынша Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізуші:
- конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтып алғаны немесе өзгерткені;
- шартқа белгіленген мерзімде қол қоймағаны;
- субсидиялау туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді субсидиялау туралы шартқа қол қойғаннан кейін тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізбегендігі жөнінде жазбаша растауды алысымен Сізге тең соманы төлеуге (сомасы санмен және жазумен) қайтарусыз міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Тасымалдаушының конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемесіне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекен-жайы
(банктің (банктің филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері тұлғасында)
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына 5-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 7-қосымша
20__ жылға арналған маңызы бар жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың негізгі жағдайлары
р/с N |
Поездің нөмірі |
Қашықтық |
Қатынауының кезеңділігі |
Вагон түрі |
Құрамдағы жылдық орташа вагондар саны |
Құрамның саны |
Тіркелген вагондардың саны |
Тіркелген вагондардың хабарламасы |
купе |
||||||||
плацкарт |
||||||||
жалпы |
||||||||
жиыны |
кестенің жалғасы
Тіркелген вагондар қатынауының кезеңділігі |
Жоспарланған вагондар жүрісі, мың жолаушы км |
Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км |
Шығын есебінің сомасы, мың теңге |
Бағаның көтерімдік деңгейі,% |
|
бір жинақтық төсек орындарын ұсыну |
|||||
кестенің жалғасы
Станцияларда және жолаушылар поездарында жолаушыларға көрсетілетін қызметтерге алымдар мен төлеу мөлшерлері |
|||||
Билеттерді "тура", "кері" алдын ала сату |
Орындарды брондау |
Жол сапардан бас тартқаны себепті қайтарылған билеттер |
Алдын ала жөнелетін поезға билеттерді қайта рәсімдеу немесе жоғары деңгейлі вагон |
||
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ станциясынан |
ТМД елдерінің темір жол станцияларынан |
ТМД елдерінің жолаушылар поезына |
халықаралық поездарға |
||
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы қарашадағы
N бұйрығына
6-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 8-қосымша
Жылжымалы құрамның мүкәммал паркі туралы мәліметтер
р/с N |
вагон N |
вагон түрі |
жасалған жылы |
жөндеу жұмысының соңғы түрі |
тех-к жағдайы |
тіркелуі |
мәлімделген хабарлама |
ескерту |
||||
др |
КР 1 |
КР 2 |
КРПС |
КВР |
||||||||
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
7-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 9-қосымша
Өтініш
(заңды тұлға үшін)
Сізден N____ ______ жылғы ___________________ маршруты бойынша
(маршруттың атауы)
шарттың мерзімін ұзартуыңызды өтінемін.
Тасымалдаушы туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны___________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
___________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
4. СТН ____________________________________________________
5. Банктік деректемелер ___________________________________
___________________________________________________________
(ИИК, БСК, банктің атауы және орналасқан мекен-жайы)
6. Заңды мекенжайы және басқа деректемелері
___________________________________________________________
(пошталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс)
7._________________________________________________________
(ұйымның бірінші басшысының Т.А.Ә.)
8. Қоса берілген құжаттар:
1) ____________________
2) ____________________
3) ____________________
Ұйымның басшысы: Т.А.Ә., қолы, күні.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
8-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 10-қосымша
Өтініш
(жеке тұлға үшін)
Сізден N_____ ________ жылғы ________________ маршруты бойынша
(маршруттың атауы)
шарттың мерзімін ұзартуыңызды өтінемін.
Тасымалдаушы туралы мәлімет:
1. Жеке тұлғаны растайтын құжат ____________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
2. СТН _____________________________________________________________
3. Банктік деректемелер ____________________________________________
____________________________________________________________________
(ИИК, банктің атауы және мекен-жайы)
4. Мекен-жайы және басқа деректемелері
____________________________________________________________________
(пошталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс)
5. Қоса берілген құжаттар:
1) _____________________
2) _____________________
3) _____________________
Т.А.Ә., қолы, күні.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
9-қосымша
Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметті маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 11-қосымша
Келісім шарттың мерзімін ұзарту бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар
Әлеуметтік маңызды қатынастар маршрут(тар) атауы |
Қашықтығы, км |
Қатынауының кезеңдігі |
Вагон түрі |
Жылжымалы құрамды құрастыру |
||||||||||||
Жылдық орташа ең төменгі құрам |
Ең төменгі құрам |
|||||||||||||||
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
желтоқсан |
|||||
купе |
||||||||||||||||
плацкарт |
||||||||||||||||
жалпы |
||||||||||||||||
жиыны |
Кестенің жалғасы
Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемі, мың адам |
Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км |
Қажетті субсидияның көлемі,мың теңге |
Жолаушыларға көрсетілетін қосымша қызметтер |
Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының деңгейі туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Субсидиялау көлемі жөніндегі деректер қоса берілген жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі экономикалық көрсеткіштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.
Қосымша:
1) ______________________;
2) ______________________;
3) ______________________.
Тасымалдаушы: ________________________________
Т.А.Ә.. қолы, күні
М.О.