Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы N 672 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5870 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесібекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 638 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4523 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 25 "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                    Б. Садықов

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының  
2009 жылғы 9 қарашадағы 
N 672 бұйрығымен    
бекітілген       

Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.
      2. Медициналық қызметтің сапасына тәуелсіз сараптама (бұдан әрі - сараптама) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Кодексіне және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
      3. Тәуелсіз сарапшыларды сараптамаға тартудың мақсаты:
      1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолданудың негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
      2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен олардың аумақтық бөлімшелері;
      2) тәуелсіз сараптаманың тапсырыс берушісі (бұдан әрі - тапсырыс беруші) - сараптама жүргізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлға.
      3) тәуелсіз сараптама -тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызмет стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіштері көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгей бойынша қорытынды шығару мақсатында өткізілетін рәсім;
      4) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1559 қаулысына сай аккредиттелген жеке тұлға;
      5) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заманғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;
      6) денсаулық сақтау саласындағы стандарт - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, белгіленген ережелер, жалпы қағидалар мен сипаттамалар;
      7) тәуелсіз сарапшының қорытындысы - тегі, мамандығы, біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі (бар болса), аккредиттелген тәуелсіз сарапшының негізгі жұмыс орны, тапсырыс беруші туралы мәлімет, тәуелсіз сараптаманы өткізу негіздері мен мерзімдері, сараптаманың мәні, ұсынымдар көрсетілетін, тәуелсіз сараптаманы тағайындаған тұлғаның тәуелсіз сарапшының алдына қойған мәселелері бойынша қорытындының берілген уақыты көрсетілген және тәуелсіз сарапшының қолы қойылған негізделген қорытындылар.
      8) медициналық көмектің сапасына сараптама - тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызмет стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіштері көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгей бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы.
      5. Тәуелсіз сарапшыны таңдау денсаулық сақтау саласындағы  тәуелсіз сарапшылардың деректер банкінен жүзеге асырылады. Деректер банкі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.

2. Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі

      6. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне жүргізу үшін  тәуелсіз сарапшыларды тарту мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
      1) медициналық қызметтің сапасына сыртқы сараптама жүргізу;
      2) денсаулық сақтау субъектісінің медициналық, фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аккредиттеу стандартымен белгіленген денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін бағалау;
      4) медицина қызметкерлерін одан әрі аттестаттау үшін олардың кәсіби құзыреттілігін анықтау;
      5) біліктілік санаттарын беру үшін медициналық, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандардың біліктілік деңгейін анықтау;
      7. Тәуелсіз сарапшы оның негізделген медициналық, фармацевтикалық мамандығы ескеріле отырып, сараптамаға тартылады.
      8. Егер тәуелсіз сарапшы:
      1) тексерілетін ұйыммен еңбек немесе шарттық қарым-қатынаста болса;
      2) онымен туыстық немесе басқа да қарым-қатынастағы тұлғалардың мүддесін қозғаса;
      3) тәуелсіз сарапшы жүргізілген сараптаманың қорытындысына басқаша түрде мүдделі болса жүзеге асыруға болмайды.
      9. Тәуелсіз сарапшылар қауымдастыққа біріккен жағдайда тапсырыс беруші қауымдастықпен шарт жасасады.
      10. Сараптама жүргізу аяқталғаннан кейін тәуелсіз сарапшы қорытындыны тапсырыс берушінің белгілеген уақытынан 30 күнтізбектік күннен асырмай ұсынады.
      11. Денсаулық сақтау ұйымдары және мемлекеттік органдар  тәуелсіз сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылардың қауымдастығы қызметіне төлемақыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртібі бойынша жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалар сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылардың қауымдастығы қызметіне төлемақыны келісім шарт бойынша жүзеге асырады.
      12. Тәуелсіз сарапшы:
      1) денсаулық сақтау субъектісінің әкімшілігінен сараптама өткізу кезеңінде құжаттаманы алады;
      2) тексерілетін денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілігі Комитетке медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту және сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      3) егер қойылған мәселелер оның арнайы білімдерінің шегінен шыққан немесе ұсынылған материалдар сараптама қорытындысын беру үшін жеткіліксіз болған жағдайда қорытынды беруден бас тартады.
      4) тәуелсіз сараптаманың заңдылығын, құзыреттілігін және пара алмаушылығын қамтамасыз етеді;
      5) қызметтік ақпараттың құпиялылығын, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды, ол қатысқан кездегі жүргізілген тергеу іс-қимылының мәліметтерін, және осы жағдайда анықталған жабық сот отырысының деректерін, сондай-ақ жеке өміріне қол сұғылмауын қозғайтын, мемлекеттік құпиядан, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиядан тұратын жағдайлар туралы оған белгілі болған мәліметтерді жарияламауы тиіс.
      6) тәуелсіз сараптаманың толықтығы мен әділдігі үшін зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді;
      7) тапсырыс берушіге шығыстар сметасы мен жұмсалған шығыстар туралы есептерді ұсынады;

Тәуелсіз сараптама
жүргізу ережесіне
қосымша     

Сараптама қорытындысы

1. Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы __________________________________
                                     (Т.А.Ә., мамандығы, біліктілік
_____________________________________________________________________
                 санаты, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Тәуелсіз сараптама жүргізудің негізі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Сараптаманың мәні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Сараптама жүргізу мерзімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Қорытындылар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Ұсыныстар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тәуелсіз сарапшы ____________________________________________________
                                    Т.А.Ә., қолы
Күні 20__ жылғы "__" ___________________

Об утверждении Правил привлечения независимых экспертов

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2009 года № 672. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 ноября 2009 года № 5870. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 394

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 06.06.2012 № 394.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 14 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила привлечения независимых экспертов.
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдину Ф.Б.) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование в средствах массовой информации.
      4. Признать утратившим силу приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2006 года № 638 "Об утверждении Правил проведения независимой экспертизы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4523, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 16 февраля 2007 года, № 25).
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Б. Садыков

Утверждены приказом    
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан   
от 9 ноября 2009 года № 672

Правила привлечения независимых экспертов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок привлечения независимых экспертов при осуществлении независимой экспертизы деятельности субъектов здравоохранения.
      2. Независимая экспертиза деятельности субъектов здравоохранения (далее - экспертиза) осуществляется в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" от 18 сентября 2009 года (далее - Кодекс) и иными нормативными правовыми актами в области здравоохранения.
      3. Целью привлечения независимых экспертов к экспертизе является:
      1) обеспечение прав пациентов на получение медицинской помощи необходимого объема и надлежащего качества на основе оптимального использования кадровых, материально-технических ресурсов субъектов здравоохранения и применения современных медицинских технологий;
      2) обеспечение прозрачности и объективности оценки деятельности субъектов здравоохранения.
      4. Основные понятия, применяемые в настоящих Правилах:
      1) государственный орган - Комитет контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан и их территориальные подразделения;
      2) заказчик независимой экспертизы (далее - заказчик) - физическое или юридическое лицо, заинтересованное в проведении экспертизы;
      3) независимая экспертиза - процедура, проводимая в целях вынесения заключения по уровню качества медицинских услуг, предоставляемых физическими и юридическими лицами, с использованием индикаторов, отражающих показатель эффективности, полноты и соответствия медицинских услуг стандартам;
      4) независимый эксперт - физическое лицо, аккредитованное в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения" для проведения независимой экспертизы деятельности субъектов здравоохранения;
      5) качество медицинской помощи - уровень соответствия оказываемой медицинской помощи стандартам в области здравоохранения и установленным на основе современного уровня развития медицинской науки и технологий;
      6) стандарт в области здравоохранения - нормативный правовой акт, устанавливающий правила, общие принципы и характеристики в сфере медицинской, фармацевтической деятельности, медицинского и фармацевтического образования;
      7) заключение независимого эксперта - обоснованные выводы по вопросам, поставленным перед независимым экспертом лицом, назначившим независимую экспертизу, в котором указываются фамилия, специальность, наличие квалификационной категории, ученая степень (при наличии), основное место работы аккредитованного независимого эксперта, сведения о заказчике, основание и сроки проведения независимой экспертизы, предмет экспертизы, рекомендации, подписанные независимым экспертом с указанием даты выдачи заключения;
      8) экспертиза качества медицинских услуг - совокупность организационных, аналитических и практических мероприятий, осуществляемых для вынесения заключения по уровню качества медицинских услуг, предоставляемых физическими и юридическими лицами, с использованием индикаторов, отражающих показатель эффективности, полноты и соответствия медицинских услуг стандартам.
      5. Выбор независимого эксперта осуществляется из банка данных аккредитованных независимых экспертов в области здравоохранения, сведения о которых размещены на интернет-ресурсах Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

2. Порядок привлечения независимых экспертов

      6. Независимые эксперты к экспертизе деятельности субъектов здравоохранения привлекаются по следующим направлениям:
      1) проведение внешней экспертизы качества медицинских услуг;
      2) оценка соответствия субъекта здравоохранения квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской, фармацевтической деятельности;
      3) оценка соответствия деятельности субъектов здравоохранения стандартам аккредитации в области здравоохранения;
      4) определение профессиональной компетентности медицинских работников для их дальнейшей аттестации;
      5) определение квалификационного уровня специалистов, осуществляющих медицинскую, фармацевтическую деятельность, для присвоения квалификационных категорий;
      7. Независимый эксперт привлекается к экспертизе с учетом его основной медицинской, фармацевтической специальности.
      8. Независимые эксперты не привлекаются к экспертизе, если:
      1) независимый эксперт находится в трудовых или договорных отношениях с проверяемым субъектом здравоохранения;
      2) затрагиваются интересы лиц, состоящих с ним в родственных или иных отношениях;
      3) независимый эксперт каким-либо образом заинтересован в результатах проводимой экспертизы.
      9. Для проведения независимой экспертизы заказчик заключает договор с независимым экспертом, в случае объединения независимых экспертов в ассоциации - с ассоциацией.
      10. По окончании проведения экспертизы независимый эксперт представляет заказчику заключение в установленные заказчиком сроки, не превышающие 30 календарных дней.
      11. Оплата услуг независимых экспертов и ассоциаций независимых экспертов государственными органами и государственными организациями здравоохранения осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о государственных закупках. Оплата услуг независимых экспертов и ассоциаций независимых экспертов физическими и юридическими лицами осуществляется - на договорной основе.
      12. Независимый эксперт:
      1) получает от заказчика документацию в период проведения независимой экспертизы;
      2) вносит предложения субъекту здравоохранения по улучшению организации и повышению качества медицинской помощи;
      3) отказывает в даче заключения в случаях, если поставленные вопросы выходят за пределы его специальных знаний либо представленные материалы недостаточны для дачи экспертного заключения;
      4) обеспечивает законность, компетентность и непредвзятость независимой экспертизы;
      5) соблюдает конфиденциальность служебной информации, принципы профессиональной этики, не разглашает сведения о произведенном при его участии следственном действии и обнаружившихся при этом обстоятельствах, данные закрытого заседания суд;
      6) обеспечивает научную обоснованность средств и методов проведения исследований для полноты и объективности независимой экспертизы;
      7) представляет заказчику смету расходов и отчет о понесенных расходах.