Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4523 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы N 672 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.09 N 672 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М. Мусин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.В. Акрачкова) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының  
2006 жылғы 22 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен   
бекітілген   

Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық қызмет көрсету саласында медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. K090193

      2. Тәуелсіз сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

      3. Медициналық қызмет көрсету саласында медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметінің тәуелсіз сараптамасын жүзеге асырудың мақсаты денсаулық сақтаудың кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолданудың негізінде емделушілердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелері;
      тәуелсіз сараптаманың тапсырыс берушісі (бұдан әрі - тапсырыс  беруші) - жеке немесе заңды тұлға, денсаулық сақтау субъектілері, мемлекеттік, сот, құқық қорғау және өзге де органдар мен ұйымдар;
      тәуелсіз сараптама - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметінің ашықтығы мен әділдігін бағалаудың қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін рәсім;
      тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке немесе заңды тұлға;
      медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заманғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;
      денсаулық сақтау саласындағы стандарт - денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызмет түрлеріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелерді, жалпы қағидаттарды немесе мінездемелерді жалпыға бірдей және көп дүркін пайдалану үшін белгіленетін мүдделі тараптардың келісімі негізінде уәкілетті орган әзірлеген құжат;
      тәуелсіз сарапшының қорытындысы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген тәуелсіз сараптаманы тағайындаған тұлғаның тәуелсіз сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша негізделген қорытындылары.

      5. Комитет тәуелсіз сарапшыларды аккредиттейді, тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады және оларды сараптама жүргізуге тартады.

      6. Практикалық денсаулық сақтау, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, медициналық білім беру ұйымдарының, жеке және ведомстволық медициналық ұйымдардың, сондай-ақ арнайы ғылыми және практикалық білімдерін меңгерген, белгіленген тәртіппен аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінің арасынан мамандар тәуелсіз сарапшылар болуы мүмкін.

      7. Мынадай бағыттар бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі:
      Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау;
      медициналық көмектің сапасы, оның ішінде азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша;
      медициналық қызметті лицензиялау кезінде денсаулық сақтау субъектісінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;
      денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігі;
      медициналық қызметкерлерді одан әрі аттестаттау үшін олардың кәсіби құзыреттілігін анықтау;
       біліктілік санаттарын беру үшін медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін анықтау;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсету саласындағы сараптаманың өзге де түрлері.

2. Тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыру
және жүргізу тәртібі

      8. Медициналық қызмет сапасына сараптама жүргізу аккредиттелген тәуелсіз сарапшы медициналық құжаттаманы зерделеу, ал қажет болған жағдайда - емделушінің келісімімен оны жеке қарау негізінде медициналық көмектің сапасын сараптаудың белгіленген бірыңғай қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      Медициналық көмектің сапасын бағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес емделушіге көрсетілген медициналық көмектің толықтылығы мен сапасын қарауды көздейді.

      9. Тәуелсіз сарапшыны тартатын жеке және заңды тұлға Комитетке ресми сұрау салады.

      10. Медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тәуелсіз сараптамаға тәуелсіз сарапшыны тартудың әрбір жағдайы Комитетте тіркеледі. 

      11. Тапсырыс беруші медициналық қызметтің сапасын бағалауға тәуелсіз сарапшыны тарту кезінде сараптама тапсырыс беруші ұсынған материалдар бойынша жүргізіледі. Медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау субъектісінен қосымша ақпарат алу үшін тәуелсіз сарапшы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында денсаулық сақтау субъектісін тексеруді тіркеу үшін Комитетке өтініш білдіреді.

      12. Комитет тәуелсіз сарапшыны тәуелсіз сараптама жүргізуге тарту кезінде тәуелсіз сарапшы өзінің қызметін Комитеттің мамандарымен бірлесе отырып, жүзеге асырады. Мұндай жағдайда Комитет тәуелсіз сарапшының сараптау материалдарына қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 

      13. Тәуелсіз сарапшылар қауымдастыққа біріккен жағдайда тапсырыс беруші қауымдастықпен шарт жасасады.

      14. Сараптама тәуелсіз сарапшының аккредиттеу туралы куәлігі белгілеген негізгі медициналық мамандығы бойынша ғана жүргізіледі.

      15. Сараптаманы жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшы сараптама қызметінің негізі бойынша сертификат ала отырып, бастапқы даярлықтан, сондай-ақ әр 3 жыл сайын медициналық білім беру қызметіне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда біліктілігін арттыру курстарынан өтуі тиіс.

      16. Егер тәуелсіз сарапшы:
      тексерілетін ұйыммен еңбек немесе шарттық қарым-қатынаста болса;
      онымен туыстық немесе басқа да қарым-қатынастағы медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне сараптама жүргізуге;
      емделуі кезінде сарапшы қатысқан немесе кез-келген басқа жағдайда жүргізілген сараптаманың нәтижелеріне мүдделі болатын емделушілердің сараптама жағдайларын талдауға қатысса, онда сараптаманы медициналық ұйымдарда жүзеге асыруға болмайды.

      17. Денсаулық сақтау субъектісінің медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі сараптамасына тарту кезінде сарапшы ұсынылған құжаттар бойынша лицензиаттың белгіленген біліктілік талаптарына, қажет болған кезде лицензияланатын объектінің орналасқан жеріне бара отырып, сәйкестігін бағалайды.

      18. Тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, лицензиядан кейінгі кезеңде денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі сараптама қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық және фармацевтикалық бағыттарын қоспағанда, лицензиаттардың медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау кезінде белгіленген біліктілік талаптарын сақтау мәніне жүргізіледі.

      19. Денсаулық сақтау субъектілері қызметінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі сараптамасын тәуелсіз сарапшылар аккредиттеу комиссиясына сараптама қорытындысын ұсына отырып, жүргізеді, сондай-ақ аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері қызметінің мониторингін жүзеге асыруға қатысады.

      20. Медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшы аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады, аттестатталатын тұлғалар ұсынған құжаттарға талдау жүргізеді және әңгімелесу өткізуге қатысады.

      21. Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын жүргізу жөніндегі арнайы біліктілік комиссиясының құрамында тәуелсіз сарапшы біліктілік комиссиясының жұмысына қатысады, үміткерлердің біліктілік санатын алуға ұсынған құжаттарына талдау жүргізеді және әңгімелесу өткізуге қатысады.

      22. Ерекше жағдайда денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптамаға құзыреттілігін маман тұратын елдің денсаулық сақтауды басқарудың тиісті мемлекеттік немесе қоғамдық органдары растаған шетел мамандары тартылуы мүмкін.

      23. Сараптама жүргізу аяқталғаннан кейін тәуелсіз сарапшы осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартта белгіленген мерзімде екі данада қорытындыны ұсынады. Қорытындының бір данасы тапсырыс берушіге, екіншісі Комитетке ұсынылады.

      24. Комитеттің өтеулі қызмет көрсету шартының негізінде жеке және заңды тұлғаларды тәуелсіз сараптамаға тартуы»"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. см. Z070303
      Жеке және заңды тұлғалар өтеулі қызмет көрсету үшін өз қызметтерінің бағасын көрсете отырып, бір айға (тоқсанға, жарты жылдыққа, бір жылға) өздерінің медициналық қызметке тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі қызметін ұсынады және алдағы кезеңге қызметтер көрсетуге шарт жасасады.
      Ұсыныс көрсетілетін сараптама қызметтерінің бейіні, біліктілік сипаттамалары туралы ақпараттан және заңды тұлғаның (қауымдастық мүшелері), оның ішінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін сараптау саласындағы қызметкерлердің практикалық өтілі туралы деректерден тұруы тиіс.

      25. Тәуелсіз сарапшы:
      1) денсаулық сақтау субъектісінің әкімшілігінен сараптама өткізу кезеңінде қажетті құжаттаманы алады;
      2) тексерілетін денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілігі Комитетке медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту және сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      3) тексеру қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектілері қызметінің анықталған тәртіп бұзушылықтарын талдауға қатысады;
      4) егер қойылған мәселелер оның арнайы білімдерінің шегінен шыққан немесе ұсынылған материалдар сараптама қорытындысын беру үшін жеткіліксіз болған жағдайда қорытынды беруден бас тартады;
      5) денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық қызметтің сапасын тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізеді;
      6) тәуелсіз сараптаманың заңдылығын, құзыреттілігін және пара алмаушылығын қамтамасыз етеді;
      7) қызметтік ақпараттың құпиялылығын, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды;
      8) тәуелсіз сараптаманың толықтығы мен әділдігі үшін зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді;
      9) тапсырыс берушіге шығыстар сметасы мен жұмсалған шығыстар туралы есептерді ұсынады;
      10) ол қатысқан кездегі жүргізілген тергеу іс-қимылының мәліметтерін, және осы жағдайда анықталған жабық сот отырысының деректерін, сондай-ақ жеке өміріне қол сұғылмауын қозғайтын, мемлекеттік құпиядан, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиядан тұратын жағдайлар туралы оған белгілі болған мәліметтерді жарияламауы тиіс.

                                              Тәуелсіз сараптама
                                               жүргізу ережесіне
                                                    қосымша   

                    Сараптама қорытындысы

1. Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы ________________________________
                                    (Т.А.Ә., мамандығы, біліктілік
___________________________________________________________________
            санаты, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы)
___________________________________________________________________

2. Тапсырыс беруші ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3. Сараптаманың мәні ______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Қорытынды ______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Ұсыныстар ______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Тәуелсіз сарапшы ___________________________________________
                                     Т.А.Ә., қолы

                           Күні 20 __ жылғы "____"________________            

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады