Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 17 қарашадағы N 729 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5959 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.03.2019 № ҚР ДСМ-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.05.2015 № 318 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 109-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.05.2015 № 318 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.05.2015 № 318 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

      5. Осы бүйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрінің



міндетін атқарушы


Б. Садыков




  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау Министрінің
  міндетін атқарушының
  2009 жылғы 17 қарашадағы
  № 729 бұйрығымен
  бекітілген

Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған
туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды
шығару қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.05.2015 № 318 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) денсаулық сақтау ұйымдарының емдеуден бас тартқан немесе жалтарған туберкулезбен ауыратын науқастарды айқындау, есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу, сондай-ақ, мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда науқастардың болу режимін және оларды шығыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтитын туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) емдеу – ауру ағымын жоюға, тоқтатуға және (немесе) жеңілдетуге, сондай-ақ, оның ушығуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;

      2) емдеуден бас тарту – зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ОДКК) тағайындаған емнен бас тартуы;

      3) емделуден жалтару – ОДКК жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың 7 тәуіліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзу;

      4) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.

2. Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау есепке
алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі

      3. Туберкулезге күдікті адамдар міндетті медициналық зерттеп-қарауға жатады.

      4. Туберкулезбен, оның ішінде көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен (бұдан әрі – К/АДК ТА) ауыратын науқастар бактерия шығарған кезде қақырық жақпасын конверциялауға дейін міндетті емдеуге жатқызылуы және толық емдеу курсы аяқталғанға дейін емделе отырып, туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі – ТҚҰ) тіркеуге жатады.

      5. Туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарды мәжбүрлеп емдеу үшін:

      1) зертханалық әдіспен расталған "туберкулез" диагнозы бар науқастың ОДКК тағайындаған емнен бас тартуы және медициналық картасында жазылған оның көзін жеткізген барлық әдістердің (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану, туыстарын тарту және т.б.) оң нәтижесінің болмауы;

      2) өз бетінше кетіп қалу және ОДКК жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың 7 тәуіліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзуы негіз болып табылады.

      6. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарған науқас азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымы бойынша сот "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабының 3-тармағына сәйкес қабылдайды.

      7. Учаскелік фтизиатр науқастың медициналық кұжатын ТҚҰ ОДКК-ға оған мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымда (бұдан әрі – МТҚҰ) мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мәселені шешу үшін ұсынады.

      ОДКК қорытындысы бойынша ТҚҰ бас дәрігері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мәжбүрлеп емдеу туралы ұсынымға қол қояды.

      8. ТҚҰ емнен бас тартқан немесе жалтарған науқасқа осы Қағидаларға 10-қосымшада белгіленген құжаттарды ресімдейді және оны мәджбүрлеп емдеу туралы мәселені шешу үшін күнтізбелік 5 күннің ішінде сотқа жібереді.

      9. Сотқа жүгіну үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) мәжбүрлеп емдеу туралы сотқа ұсыным екі данада;

      2) денсаулық жағдайы туралы анықтама (сырқатнамасынан, амбулаториялық картасынан үзінді);

      3) ТҚҰ бас дәрігері бекіткен сот отырысына қатысуға арналған ТҚҰ өкіліне берілетін сенімхат;

      4) ОДКК мәжбүрлеп емдеуді тағайындау қажеттілігі туралы қорытындысы.

      10. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды сот осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген медициналық құжаттама түскен күннен бастап бес күндік мерзімде және Кодекстің 107-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен қарайды.

      11. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркеліміне № 9762 болып тіркелген).

3. Мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру тәртібі және науқастардың
мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға келу режимі

      12. Науқастардың МТҚҰ аумағынан өз бетінше кетіп қалуының, сондай-ақ бөгде адамдардың аумаққа кіріп кетуінің алдын алу үшін МТҚҰ аумағы биіктігі кемінде 2,5 метр болатын тұтастай қақпамен қоршалады және тәуліктік ведомстволық күзетпен қамтамасыз етіледі. Науқастарға арналған серуендеу аумағы қалған аумақтардан бөлек қоршалады.

      13. МТҚҰ-ны осы қызметтің түріне лицензиясы бар мамандандырылған күзет бөлімшесі (бұдан әрі – күзет қызметі) күзетеді.

      14. МТҚҰ мынадай шектелген инженерлік-техникалық құралдармен:

      1) аумақты негізгі қоршаумен;

      2) дабылдамамен;

      3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен;

      4) терезелердегі тез алынатын және ашылатын металл торлармен;

      5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайлар темір есіктермен;

      6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықталады.

      15. Науқастардың МТҚҰ ауласынан және серуендеу ауласынан шығуы емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медицина және күзет қызметкерінің алып жүруімен рұқсат етіледі.

      16. Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді.

      17. МТҚҰ-ға кіруге персоналға, әкімшілікке және кезекші дәрігерге рұқсат етіледі.

      18. Күзет қызметінің қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп емдеудегі адамға профилактикада және құқыққа қарсы іс-әрекеттің алдын кесуге жәрдемдеседі.

      19. Медицина персоналы мен күзет қызметкерінің өзара іс-қимылы туберкулезге қарсы ТҚҰ және күзет қызметінің арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      20. МТҚҰ-ға түскен кезде:

      1) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды алғашқы қарап-тексеру және санитариялық тазарту;

      2) бастапқы тәулік ішінде емдеуші дәрігердің диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес міндетті түрде қажетті қарап-тексеруі және ем тағайындауы;

      3) аурудың жіктемесін, ауырлық дәрежесін белгілеу, сондай-ақ емдеудің тиісті әдістерін таңдау және қолдану үшін қажетті қосымша клиникалық зерттеп-қарау;

      4) әр науқасқа арнап жүргізілген емдеу курсының динамикасын көрсететін деректер енгізілетін сырқатнаманы және есептік нысандарды рәсімдеу жүзеге асырылады.

      21. Мәжбүрлеп емдеу аяқталған соң сырқатнама жазылған эпикризбен аяқталады, МТҚҰ бас дәрігерінің орынбасары тексеріп, қол қояды, мұрағатқа тапсырылады.

      Есеп нысандары емдеудің қолдау сатысын амбулаториялық жағдайда немесе стационарда жалғастыру үшін ТҚҰ диспансерлік бөлімшесіне беріледі.

      22. МТҚҰ әкімшілігі санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы режимді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуде жүрген науқастардың арасында профилактикалық және санитриялық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізеді.

      23. МТҚҰ-да науқастарды жыныстық белгілері бойынша емдеуге жатқызу сәтінде микроскопия және дәрілік сезімталдыққа тест деректерін ескере отырып және емдеу процесі кезінде жекелеген корпустарда немесе тиімді жұмыс істейтін шлюздермен жабдықталған үй-жайларда жекелеп ұстау үшін жағдай жасалады.

      24. МТҚҰ басшылығы мәжбүрлеп емдеуге МТҚҰ-ға келіп түскен науқастарға құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеруді, МТҚҰ-дағы науқастардың жеке және сандық есебін, тиісті тіркеу журналын жүргізе отырып жүзеге асырады, сондай-ақ:

      1) олардың саны, құрамы және қозғалысы туралы есептілікті жүзеге асырады;

      2) МТҚҰ-дан шыққан адамдарға:

      ем аяқталған соң;

      қайтыс болуына байланысты материалдарды ресімдейді;

      3) құқықтық насихаттауды және салауатты өмір салтына насихаттауды ұйымдастырады.

4. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды шығару тәртібі

      25. Туберкулезбен, оның ішінде К/АДК ТА ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу "емделіп шықты" немесе "емдеу аяқталды" деген жағымды аяқталулармен толық емдеу курсы аяқталғанға дейін жалғасады.

      26. "Сәтсіз ем" болған кезде К/АДК ТА науқастары паллиативтік емдеу үшін паллиативтік көмек мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда немесе бөлімшелерге (бұдан әрі – МТҚҰ/ПЕ) алмастыруға жатады.

      27. МТҚҰ-да болған кезде КДК ТБ белгіленген науқас инфекциялық бақылау шараларын сақтай отырып, МТҚҰ жағдайларында тиісті ем тағайындау үшін ОДКК-ға ұсынылады.

      28. Мәжбүрлеп емдеу мерзімін қысқарту қақырық сүртіндісінің конверсиясына қол жеткізген және пациент тікелей бақыланатын емге (бұдан әрі – ТБЕ) жолын ұстаушылықты толық сақтаған кезде жүргізіледі.

      29. Мәжбүрлеп емдеу мерзімін қысқарту туралы шешім МТҚҰ-ның дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсынымы бойынша ОДКК-да қаралады.

      30. Науқастарды МТҚҰ-дан шығару жоспарлы тәртіппен жүргізіледі.

      31. Жағымды аяқталумен емдеудің толық курсын аяқтаған наукас МТҚҰ-дан шығардың алдында күнтізбелік 10 күн ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі диспансерлік бақылау жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.

      32. Емнің жағымды аяқталуы бар науқасты диспансерлік бақылауға жіберген кезде ТҚҰ-ның диспансерлік бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) "Туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы" ТБ 01/е нысаны бойынша немесе "Туберкулезге шалдыққан IV категориялық науқастың медициналық картасы"-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы, соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.

      33. ОДКК шешімі бойынша МТҚҰ-дан мерзімінен бұрын шығарылатын науқасты амбулаториялық емге ауыстырмас бұрын күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі емді жалғастыру жағдайлары: ТБЕ жүргізу орыны, ТҚП болуы, жанама әсерлерді диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктері, әлеуметтік көмек көрсету түрі туралы ақпаратты нақтылайды.

      34. Амбулаториялық емдеуге ауыстырғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын бөлшектік режимде туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) қабылдайтын науқас 5 топтағы ТҚП қоспағанда, бір реттік қабылдауға ауыстырылады.

      35. Амбулаториялық емге жіберілген кезде ТҚҰ немесе МСАК ТБЕ кабинетіне соңғы рентгенограмма, стационардың медициналық картасынан көшірме және ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген "Туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы" ТБ 01/е нысаны бойынша немесе "Туберкулезге шалдыққан IV категориялық науқастың медициналық картасы"-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы беріледі.

      36. "Сәтсіз емнің" аяқталуымен емді аяқтаған науқас МТҚҰ-дан шығардың алдында күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі МТҚҰ/ПЕ одан әрі паллиативтік емдеу жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.

      37. МТҚҰ/ПЕ науқас қабылдайтын жақпен алдын ала келісе отырып, мамандандырылған медициналық көлікпен ауыстырылады.

      38. Науқасты МТҚҰ/ПЕ ауыстырған кезде соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.

      39. МТҚҰ/ПЕ ауыстырылған науқастың IV санаттағы ТБ01 медициналық картасы тұрғылықты жері бойынша ТҚҰ-ның диспансерлік бөлімшесіне жіберіледі.

      40. Емдеу курсын толық аяқтаған немесе МТҚҰ-дан шығарылған туберкулезбен және К/АДК ТБ ауыратын науқастарды тұрғылықты жері бойынша емделуді жалғастыру үшін диспансерлік бақылау шаралары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9772 болып тіркелген).


  Туберкулезбен ауыратын
  науқастарды мәжбүрлеп емдеуді
  сондай-ақ мамандандырылған
  туберкулезге қарсы ұйымдарда
  науқастардың болу режімі және
  оларды шығыруды ұйымдастыру
  қағидасына қосымша

      нысаны

      Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының сотына

мәжбүрлеп емдеу туралы сотқа
ҰСЫНЫМ

      Азамат (ша) _________________________________________________________

      (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _________________________________________________________ туған күні,

      мынадай мекенжай бойынша тұратын: __________________________________,

      ______ жылғы "____" ________ бастап _____________________ диагнозымен

      диспансерлік есепте тұрған.

      Қосалқы аурулары ____________________________________________________

      Ауру анамнезі _______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Науқас ______________________________________________________________

      (емдеуден бас тарту немесе бой тасалау фактілері сипатталады)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ОДКК қорытынды ______________________________________________________

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан

      Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 107-бабына

      сәйкес жазылғанның негізінде

      Науқас_______________________________________________________________

      (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      МТҚҰ-ға __________________________________ мәжбүрлеп емдеуге жіберуді

      (мекеменің атауы)

      ӨТІНЕМІН

      Қосымша: материалдар ____ парақтар.

      ТҚҰ бас дәрігері

      (облыстың, қаланың) (Т.А.Ә.)

Об утверждении Правил принудительного лечения больных туберкулезом в специализированных противотуберкулезных организациях и их выписки

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 ноября 2009 года № 729. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2009 года № 5959. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № ҚР ДСМ-14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 30.03.2019 № ҚР ДСМ-14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра здравоохранения и социального развития РК от 05.05.2015 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии с пунктами 2, 3 статьи 109 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа Министра здравоохранения и социального развития РК от 05.05.2015 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила принудительного лечения больных туберкулезом в специализированных противотуберкулезных организациях и их выписки.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра здравоохранения и социального развития РК от 05.05.2015 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту стратегии и развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Айдарханов А.Т.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование в средствах массовой информации настоящего приказа после его государственной регистрации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра


Б. Садыков




  Утверждены приказом
  И.о. Министра здравоохранения
  Республики Казахстан
  от 17 ноября 2009 года № 729

Правила
принудительного лечения больных туберкулезом в
специализированных противотуберкулезных организациях
и их выписки

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра здравоохранения и социального развития РК от 05.05.2015 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила принудительного лечения больных туберкулезом в специализированных противотуберкулезных организациях и их выписки (далее - Правила) определяют порядок принудительного лечения больных туберкулезом в специализированных противотуберкулезных организациях и их выписки, который включает в себя проведение организациями здравоохранения мероприятий по выявлению, учету и направлению на принудительное лечение больных туберкулезом, отказавшихся или уклоняющихся от лечения, а также организации принудительного лечения, режима пребывания больных в специализированных противотуберкулезных организациях и их выписки.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) лечение - комплекс медицинских услуг, направленных на устранение, приостановление и (или) облегчение течения заболевания, а также предупреждение его прогрессирования;

      2) отказ от лечения - отказ больного с диагнозом туберкулез, подтвержденный лабораторным методом, от лечения, назначенного централизованной врачебно-консультативной комиссией (далее - ЦВКК);

      3) уклонение от лечения - нарушение режима лечения, предписанного ЦВКК в виде беспричинного пропуска приема 7 суточных доз противотуберкулезных препаратов в течение календарного месяца, зафиксированного в медицинской документации";

      4) принудительное лечение - лечение больного туберкулезом, осуществляемое на основании решения суда.

2. Порядок выявления, учета и направление лиц, больных
туберкулезом на принудительное лечение

      3. Лица с подозрением на туберкулез подлежат обязательному медицинскому обследованию.

      4. Больные туберкулезом, в том числе туберкулезом с множественной и широкой лекарственной устойчивостью (далее – М/ШЛУ ТБ) подлежат регистрации в противотуберкулезных организациях (далее - ПТО), обязательной госпитализации до конверсии мазка мокроты при наличии бактериовыделения и лечению до завершения полного курса лечения.

      5. Основанием для принудительного лечения граждан, больных туберкулезом, является:

      1) отказ больного с диагнозом "туберкулез" подтвержденным лабораторным методом, от лечения, назначенного ЦВКК, и отсутствия положительного результата всех методов его убеждения (консультация психолога, применение методов санитарного просвещения), зафиксированных в медицинской документации больного;

      2) самовольный уход и нарушение режима лечения, предписанного ЦВКК в виде беспричинного пропуска приема 7 суточных доз противотуберкулезных препаратов в течение календарного месяца, зафиксированного в медицинской документации.

      6. Решение о принудительном лечении граждан, больных туберкулезом и уклоняющихся от лечения, принимается судом по представлению организаций здравоохранения в соответствии с пунктом 3 статьи 107 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее - Кодекс).

      7. Участковый фтизиатр представляет медицинскую документацию больного на ЦВКК ПТО для решения вопроса о назначении ему принудительного лечения в специализированной противотуберкулезной организации (далее - СПТО).

      По заключению ЦВКК главный врач ПТО подписывает представление о принудительном лечении по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      8. ПТО оформляет документы на больного, отказывающегося или уклоняющегося от лечения, определенные пунктом 9 настоящих Правил, и направляет в суд в течение 5 календарных дней для решения вопроса о его принудительном лечении.

      9. Для обращения в суд представляются следующие документы:

      1) представление о принудительном лечении в двух экземплярах;

      2) справка о состоянии здоровья (выписка из истории болезни, амбулаторной карты);

      3) доверенность на представителя ПТО для участия в судебном заседании, заверенная главным врачом ПТО;

      4) заключение ЦВКК о необходимости назначения принудительного лечения.

      10. Материалы о направлении на принудительное лечение рассматриваются судом в пятидневный срок со дня поступления документов, указанных в пункте 9 настоящих Правил, и при участии представителя организации здравоохранения в соответствии с пунктом 4 статьи 107 Кодекса.

      11. Организация принудительного лечения граждан больных туберкулезом с незавершенным лечением, освобождающихся из учреждений уголовно-исполнительной системы, производится согласно Правилам организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9762.

3. Порядок организации принудительного лечения и режим
пребывания больных в специализированной противотуберкулезной
организации

      12. Для предотвращения самовольного ухода больных за пределы СПТО, а также проникновения на территорию посторонних лиц, территория СПТО ограждается сплошным забором высотой не менее 2,5 метров и обеспечивается круглосуточной ведомственной охраной. Прогулочная территория для больных ограждается от остальных территорий.

      13. СПТО охраняется специализированным охранным подразделением, имеющим лицензию на данный вид деятельности (далее – служба охраны).

      14. СПТО оборудуются следующими ограничительными инженерно-техническими средствами:

      1) основным ограждением территории;

      2) сигнализацией;

      3) сейфом для хранения документов;

      4) металлическими легкосъемными и открывающимися решетками на окнах;

      5) металлическими дверями во всех специализированных и вспомогательных помещениях;

      6) контрольно-пропускным пунктом со специализированной охраной.

      15. Выход больных с территории СПТО и прогулочного двора разрешается для проведения лечебно-диагностических и реабилитационных мероприятий в сопровождении охраны и медицинского персонала.

      16. Служба охраны организует контрольно-пропускной режим и обеспечивает наружную и внутреннюю охрану.

      17. Доступ в СПТО разрешается персоналу, администрации и дежурному врачу.

      18. Сотрудники службы охраны оказывают содействие медицинскому персоналу в профилактике и пресечении противоправных действий лиц, находящихся на принудительном лечении.

      19. Взаимодействие медицинского персонала и сотрудников охраны осуществляется на основе договора заключаемого между ПТО и службой охраны.

      20. При поступлении в СПТО осуществляется:

      1) первичный осмотр и санитарная обработка больных туберкулезом;

      2) осмотр лечащим врачом в течение первых суток с обязательным назначением необходимого обследования и лечения в соответствии со стандартами диагностики и лечения;

      3) необходимое дополнительное клиническое обследование для установления классификации, степени тяжести заболевания, а также определения, выбора и применения соответствующих методов лечения;

      4) оформление истории болезней и учетных форм на каждого больного, в которые вносятся данные, отражающие динамику проводимого курса лечения.

      21. После окончания принудительного лечения история болезни завершается выписным эпикризом, проверяется и подписывается руководством СПТО, сдается в архив.

      Учетные формы передаются в ПТО для продолжения поддерживающей фазы лечения в амбулаторных условиях или в стационаре.

      22. Администрация СПТО обеспечивает санитарно-гигиенический и противоэпидемический режим, а также организует и проводит профилактическую и санитарно-гигиеническую работу среди больных, находящихся на принудительном лечении.

      23. В СПТО создаются условия для раздельного содержания больных по половому признаку, с учетом данных микроскопии и теста лекарственной чувствительности на момент госпитализации и в процессе лечения в отдельных корпусах или помещениях, конструктированных эффективно функционирующими шлюзами.

      24. Руководство СПТО, осуществляет проверку правильности оформления документов на больных, поступивших в СПТО для принудительного лечения, ведет персональный и количественный учет больных, находящихся в СПТО, с ведением регистрационного журнала, а также:

      1) осуществляет отчетность об их численности, составе и движении больных;

      2) оформляет материалы на лиц, выбывших из СПТО:

      по завершению лечения;

      в связи со смертью;

      3) организует проведение правовой пропаганды и пропаганды здорового образа жизни.

4. Порядок выписки больных туберкулезом, находящихся на
принудительном лечении

      25. Принудительное лечение больных туберкулезом, в том числе М/ШЛУ ТБ продолжается до завершения полного курса лечения с благоприятными исходами "вылечен" или "лечение завершено".

      26. При исходе "неудача лечения", больные М/ШЛУ ТБ подлежат переводу в специализированные противотуберкулезные организации или отделения для паллиативного лечения (далее – СПТО/ПЛ).

      27. Больной, у которого при нахождении в СПТО установлен МЛУ ТБ, представляется на ЦВКК для назначения соответствующего лечения в условиях СПТО с соблюдением мер инфекционного контроля.

      28. Сокращение срока принудительного лечения проводится при достижении конверсии мазка мокроты и соблюдении пациентом полной приверженности к непосредственному контролируемому лечению (далее – НКЛ).

      29. Решение о сокращении срока принудительного лечения рассматривается на ЦВКК по представлению врачебно-консультативной комиссии СПТО.

      30. Выписка больных из СПТО проводится в плановом порядке.

      31. В течение 10 календарных дней до выписки из СПТО больного, завершившего полный курс лечения с благоприятным исходом, лечащим врачом и заведующим отделением уточняется информация об условиях дальнейшего диспансерного наблюдения.

      32. При направлении на диспансерное наблюдение больного с благоприятным исходом лечения в диспансерные отделы ПТО передаются медицинские карты по форме ТБ 01/у "Медицинская карта больного туберкулезом" или по форме ТБ 01/у - категория IV "Медицинская карта больного туберкулезом категории IV", утвержденные приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 6697 (далее – Приказ МЗ РК № 907), последняя рентгенограмма и выписка из медицинской карты стационара.

      33. В течение 10 календарных дней до перевода больного, досрочно выписываемого из СПТО по решению ЦВКК на амбулаторное лечение, лечащим врачом и заведующим отделением уточняется информация об условиях продолжения лечения: месте проведения НКЛ, наличии ПТП, возможности диагностики и лечения побочных реакций, виде оказания социальной помощи.

      34. За 10 календарных дней до перевода на амбулаторное лечение больной, принимающий противотуберкулезные препараты (далее – ПТП) в дробном режиме, переводится на однократный прием, за исключением ПТП

      5 группы.

      35. При направлении на амбулаторное лечение в кабинет НКЛ ПТО или ПМСП передаются последняя рентгенограмма, выписка из медицинской карты стационара, медицинские карты по форме ТБ 01/у "Медицинская карта больного туберкулезом" или по форме ТБ 01/у - категория IV "Медицинская карта больного туберкулезом категории IV", утвержденные Приказом МЗ РК № 907.

      36. В течение 10 календарных дней до выписки из СПТО больного, завершившего лечения с исходом "неудача лечения", лечащим врачом и заведующим отделением уточняется информация об условиях дальнейшего паллиативного лечения в СПТО/ПЛ.

      37. В СПТО/ПЛ больной переводится на специализированном медицинском транспорте по предварительному согласованию с принимающей стороной.

      38. При направлении больного в СПТО/ПЛ передаются последняя рентгенограмма и выписка из медицинской карты стационара.

      39. Медицинская карта ТБ01 категория IV больного, переведенного в СПТО/ПЛ, направляется в диспансерный отдел ПТО по месту жительства.

      40. Диспансерное наблюдение больных туберкулезом и М/ШЛУ ТБ, закончивших полный курс лечения или выписанных из СПТО для продолжения лечения по месту жительства, проводится согласно Инструкции по организации и осуществлению профилактических мероприятий по туберкулезу, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 19, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9772.


  Приложение
  к Правилам принудительного
  лечения больных туберкулезом
  в специализированных
  противотуберкулезных
  организациях и их выписки

      Форма

      В суд области, городов Астаны, Алматы

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ
О ПРИНУДИТЕЛЬНОМ ЛЕЧЕНИИ

      Гражданин (ка) ______________________________________________________

      (фамилия имя отчество (при его наличии) пациента/законного

      представителя) _______________________________________ дата рождения,

      проживающий (ая) по адресу: ______________________________, состоящий

      на диспансерном учете с "____" ________ ______ года, с

      диагнозом:___________________________________________________________

      Сопутствующее заболевание ___________________________________________

      Анамнез заболевания _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Больной (ая) ________________________________________________________

      (описываются факты отказа или уклонения от лечения)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заключение ЦВКК _____________________________________________________

      На основании изложенного, в соответствии со статьей 107 Кодекса

      Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа

      и системе здравоохранения"

      ПРОШУ

      Направить на принудительное лечение в СПТО __________________________

      (наименование учреждения)

      больного (ую) ______________________________________________________.

      (фамилия имя отчество (при его наличии )

      пациента/законного представителя)

      Приложение: материалы на ____ листах.

      Главный врач ПТО

      (области, города) (Ф.И.О.)