Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 586 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5029 болып тіркелген, 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 62 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
8-тармақта «жеткізілуі қажет» деген сөздер «қабылдау комиссиясы жеткізеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
14-тармақтың екінші абзацындағы «беруіне болады» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ.Бөрібеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуі;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш.Қуанғановқа жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев