Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.11.2016 № 158-2247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
" Халықты жұмыспен қамту туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі, " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 23-10-482қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 маусымда N 441 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 24 маусымдағы N 96-98 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 91 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы "елуден астам жұмыскерлері бар" деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов