Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 23-10-482қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 441 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.11.2016 № 158-2247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2010.12.06 N 23-1148қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз); 2010.12.06 N 23-1148қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулыларымен.
      1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      Ескерту. 1-1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.24 № 158-636 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.24 № 158-636 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.

      Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады