Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 05.05.2020 № 158-741 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындар квотасын жұмыскерлердің тізімдік саны бар мүгедектерге:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден адамнан артық – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
1-1. Астана қаласының Жұмыс берушілеріне:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылысн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |
Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 қаулысына қосымша |
Күші жойылған Астана қаласы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 441 болып тіркелген, 2006 жылғы 24 маусымдағы "Астана хабары" № 96-98, 2006 жылғы 20 маусымдағы "Вечерняя Астана" № 91 газеттерінде жарияланған).
2. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 23-570қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 584 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі "Астана ақшамы" № 75 (2396), 2009 жылғы 11 шілдедегі "Вечерняя Астана" № 82 (2383) газеттерінде жарияланған).
3. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 23-1148қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 659 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы "Астана ақшамы" № 7 (2617), 2010 жылғы 15 қаңтардағы "Вечерняя Астана" № 6 (2615) газеттерінде жарияланған).
4. "Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 158-636 қаулысы (Н ормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 731 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 маусымдағы "Астана ақшамы" № 70 (2831), 2012 жылғы 26 маусымдағы "Вечерняя Астана" № 75 (2840) газеттерінде жарияланған).