Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 94/11-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 387-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-IV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда N 565 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда N 29-30 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 12 наурызда N 27 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
2-тармақ келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:
"Көрсетілген жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға және жанармай құятын станцияларға бөлінген жер учаскелеріне таралмайды.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы А. Бұлашев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин