Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 763 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 09.11.2018 № 326/41-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Салық салу мақсаттары үшін Астана қаласы бойынша аймақтарға бөлу сұлбасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Аталған жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға (паркингтер) және жанар-жағар май құю станцияларына бөлінген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      3. Астана қаласы мәслихатының шешімдері күшін жойды деп танылсын:

      2009 жылғы 29 қаңтардағы № 184/30-IV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда № 565 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 29-30 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 12 наурыздағы № 27 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2009 жылғы 6 қарашадағы № 268/39-IV "Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 184/30-IV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 601 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 143 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      4. Осы шешiм оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

Н. Мещеряков

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


  Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 94/11-V шешіміне
1-қосымша

Салық салу мақсаты үшін Астана қаласының жерін аймақтарға бөлу сызбасы



  Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 94/11-V шешіміне
2-қосымша

Салық салу мақсаттары үшін Астана қаласы бойынша аймақтарға бөлу сұлбасы және аймақтар шекараларының сипаттамасы

Аймақтардың р/с №

Аймақтар бөліктерінің р/с №

Аймақтардың шекаралары

1.

1-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінен басталып, одан әрі Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесінің бойымен батысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесінің бойымен А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесінің бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытында А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесінің бойымен солтүстік-шығыс бағытында Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесімен оңтүстікке қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесінің бойымен Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Л. Мирзоян көшесіне дейін; Л. Мирзоян көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесінің бойымен Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Майқайың көшесіне дейін; Майқайың көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесінің бойымен шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесінің бойымен шығысқа қарай Сарыкөл көшесіне дейін; Сарыкөл көшесінің бойымен оңтүстікке қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшемен оңтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы Тәуелсіздік даңғылына дейін; жобаланудағы Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінен солтүстікке қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойымен батысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылының бойымен солтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанақ көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Сарайшық көшесіне дейін; жобаланудағы Сарайшық көшесінің бойымен солтүстік-батыс бағытында Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен шығысқа қарай, одан әрі солтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінің бойымен шығысқа қарай К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылының бойымен шығысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін

1-2

Индустриалдық парктің аумағы

2.

2-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Жерұйық көшесі мен темір жол қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығыс бағытында Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылының бойымен оңтүстік-батысқа қарай М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Қобыз көшесіне дейін; Қобыз көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Сарын көшесіне дейін; Сарын көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қордай көшесіне дейін; Қордай көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Шарбақты көшесінің жалғасына дейін; Шарбақты көшесінің бойымен оңтүстікке қарай бағбандық қоғамдардың шекараларының бойымен жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасының бойымен оңтүстікке қарай Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Қарқаралы көшесіне дейін; Қарқаралы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылының бойымен солтүстікке қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жобаланудағы Тәуелсіздік даңғылына дейін; жобаланудағы Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесінің бойымен батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Майқайың көшесіне дейін; Майқайың көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесінің бойымен солтүстік-шығыс бағытында Л. Мирзоян көшесіне дейін; Л. Мирзоян көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесінің бойымен М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылынан оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесі бойымен солтүстік-батысқа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылының бойымен батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесінің бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстікке қарай А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесінің бойымен шығысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесінің бойымен солтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесінің бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылының бойымен батысқа қарай жобаланған К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінің бойымен батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің бойымен солтүстік-батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстік бағытында "Достық" гараж кооперативінің бойымен, сонан соң оңтүстік-шығысқа жобаланудағы көшенің бойымен Сары-бұлақ арнасына дейін; Сары-бұлақ арнасының бойымен солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ақан сері көшесіне дейін; Ақан сері көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай К. Байсейітова көшесіне өте; К. Байсейітова көшесінің бойымен солтүстікке қарай Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесінің бойымен батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Ш. Бөкеев көшесінің бойымен Жерұйық көшесімен темір жол қиылысқанға дейін

2-2

Аумақтың солтүстік шекара Кенесары көшесі мен Есіл өзенінің қиылысынан басталады; Есіл өзенінің жағасымен оңтүстік-шығыс бағытында Ноғайлы көшесіне қарай; Ноғайлы көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай, одан әрі жобаланудағы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін

2-3

Гольф-клуб аумағының ауданында үй құрылыстар аумағымен іргелес

3.

3-1

Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланудағы Көктал көшесі мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығыс бағытында Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Жерұйық көшесіне дейін; Жерұйық көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; Ш. Бөкеев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай жобаланудағы Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесінің бойымен шығысқа қарай К. Байсейітова көшесіне дейін; К. Байсейітов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Ақан сері көшесін өте; Ақан сері көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Н. Тілендиев дағылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен шығысқа қарай Сары-бұлақ арнасына дейін; Сары-бұлақ арнасының бойымен оңтүстікке қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-батысқа қарай "Достық" гараж кооперативінің жағасының бойымен; Есіл өзенінің арнасымен оңтүстік-шығыс бағытында Кенесары көшесінің жалғасына дейін; Кенесары көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ноғайлы көшесіне дейін; Ноғайлы көшесінің бойымен оңтүстік-батыс бағытында Есіл өзеніне қарай; Есіл өзенінің бойымен батыс бағытында жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сарайшық көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанак көшесінің бойымен шығысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылының бойымен оңтүстік бағытында № 31 көшеге дейін; № 31 көшенің бойымен батыс бағытында жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай жобаланудағы Сығанақ көшесінің жалғасына дейін; Сығанақ көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; Сығанақ көшесінің бойымен солтүстікке қарай Қорғалжын тас жолымен қиылысқанға дейін; Қорғалжын тас жолының бойымен солтүстікке қарай жобаланудағы көшесінің бойымен Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасымен батысқа қарай Көктал тұрғын алабына дейін; Көктал тұрғын алабының шекарасымен солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен шығысқа қарай Баршын көшесінің қиылысына дейін; Баршын көшесінің бойымен солтүстікке қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланған көшенің бойымен шығысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесінің бойымен солтүстікке қарай темір жолымен қиылысқан дейін

3-2

Аймақтың оңтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен темір жолдың қиылысқанынан басталады; одан әрі батыс бағытында темір жолдың бойымен № 191 көшеге дейін; № 191 көшенің бойымен шығысқа қарай Алаш тас жолына дейін; Алаш тас жолының бойымен оңтүстік-батысқа қарай № 69 көшеге дейін; № 69 көшенің бойымен Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзенінің бойымен оңтүстік-батыс бағытында темір жолмен қиылысқанға дейін; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай индустриалдық парктің сыртқы шекарасының бойымен темір жолға дейін; темір жолдың бойымен батыс бағытында Қарталы көшесіне дейін

3-3

Промышленный тұрғын алабының аумағы Есіл өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Интернациональный тұрғын алабының шекарасына дейін

3-4

Тельман тұрғын алабының аумағы

3-5

Астана қаласының халықаралық әуежайы

3-6

Темір жол көлігі объектілері алып жатқан жерлер (темір жолы, темір жолдарының тораптары, тұйықтар)

4.

4-1

Аймақтын солтүстік шекарасы жобаланудағы № 191 көше мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай темір жолдың басқа тарауымен қиылысқанға дейін; одан әрі осы темір жол тарауымен Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Қайнар көшесіне дейін; Қайнар көшесінің бойымен батысқа қарай, одан әрі солтүстік-шығысқа, одан әрі солтүстікке қарай, одан әрі солтүстік-батысқа қарай, содан кейін солтүстікке қарай темір жолға дейін; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жобаланудағы № 191 көшемен қиылысқанға дейін

4-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Қабанбай батыр даңғылы мен Нұра-Есіл арнасының қиылысқан жерінен басталады; одан әрі Нұра-Есіл арнасының жағасымен солтүстік-шығысқа қарай, содан шығыс бағытында және Тельман тұрғын алабын айналып, солтүстік бағытымен Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы № 229 көшеге дейін; жобаланудағы № 229 көшенің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай, одан әрі батыс бағытымен Пригородный тұрғын алабын айналып, Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасының жағасымен солтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін

4-3

Железнодорожный және Интернациональный тұрғын алаптарының аумақтары

5.

5-1

Аумақтың сыртқы шекарасы айналма жолдың (Қарағанды-Астана тас жолына дейінгі Астраханка тас жолының аумағы) бойымен өтеді; ішкі шығыс шекарасы № 4 аймақтың сыртқы шекарасымен (Железнодорожный тұрғын алабының ауданы); одан әрі батысқа қарай № 3 аймақтың сыртқы шекарасымен, содан кейін № 4 аймақтың сыртқы шекарасымен батысқа қарай өтеді

5-2

Аймақтың солтүстік шекарасы (Астраханка тас жолының ауданы) № 4 аймақтың сыртқы шекарасымен өтеді, одан әрі № 3 аймақтың сыртқы шекарасымен оңтүстік-шығысқа қарай Тұран даңғылына дейін; одан әрі № 2 аймақтың сыртқы шекарасымен оңтүстікке қарай; № 4 аймақтың сыртқы шекарасымен оңтүстік-шығыс бағытында Пригородный тұрғын алабының аумағына дейін; аймақтың сыртқы шығыс шекарасы (Әуежай бағытындағы) айналма жолдың бойымен аймақтың солтүстік шекарасына дейін

5-3

Аймақтың солтүстік шекарасы № 4 аймақтың сыртқы шекарасының бойымен өтеді (Интернациональный тұрғын алабының аумағы), оңтүстік шекара № 4 аймақтың сыртқы шекарасы бойымен; батыс шекара № 3 аймақтың сыртқы шекарасының (Промышленный тұрғын алабының аумағы) бойымен, шығыс шекара № 229 айналма жолымен өтеді

5-4

Мичурино тұрғын алабының аумағы

6.

6-1

Мичурино тұрғын алабынан басқа айналма жолдың ар жағындағы Астана қаласының аумағы


      Астана қаласы

      мәслихатының хатшысы С. Есілов

  Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 94/11-V шешіміне
3-қосымша

Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (төмендету) пайыздары

Аймақ нөмірлері

Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (+), төмендету (-) пайыздары

1

+50

2

+40

3

+20

4

0

5

-30

6

-50


      Астана қаласы

      мәслихатының хатшысы С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады