Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-ІV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 268/39-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 601 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 94/11-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 387-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-IV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда N 565 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда N 29-30 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 12 наурызда N 27 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:
      "Көрсетілген жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға және жанармай құятын станцияларға бөлінген жер учаскелеріне таралмайды.".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         А. Бұлашев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады