Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № А-5/236 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 маусымда № 3322 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылатын ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 603 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмсалған жұмыс берушінің шығындары жергілікті (аудандық, облыстық маңызы бар қалалық) бюджетпен қарастырылған қаражаттың шегінде ең төменгі айлық еңбекақының 50 пайыз көлемінде жергілікті (аудандық, облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттің қаражатынан өтеледі.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қазандағы № А-11/423 қаулысымен.
      4. 2009 жылдың 1 мамырынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмсалған шығындар республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастардың іс-тәжірибесінің бағдарламасын кеңейтуге бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен бір қатысушыға айына 15000 теңге көлемінде және 15000 теңге жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қазандағы № А-11/423 қаулысымен.
      5. Осы қаулының 4-тармағының әрекеті 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
      7. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      А.Рау


Об организации социальных рабочих мест в Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 28 мая 2009 года № А-5/236. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 24 июня 2009 года № 3322. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 2 апреля 2010 года № а-4/103.

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 02.04.2010 № а-4/103

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях реализации Плана действий Правительства Республики Казахстан на 2009 год по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию» (Дорожная карта), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264 «О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию», постановления Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2009 года № 603 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов и целевых трансфертов на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы, перечисляемых для реализации стратегии региональной занятости и переподготовки кадров» акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп населения (далее – социальные рабочие места).
      2. Социальные рабочие места организуются сроком до шести месяцев.
      3. Расходы работодателя на оплату труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, возмещаются из средств местного (района, города областного значения) бюджета в размере 50 процентов от минимальной месячной заработной платы, в пределах средств, предусмотренных местным (района, города областного значения) бюджетом.
      Сноска. Пункт 3 с изменением внесенным постановлением  акимата Акмолинской области от 08.10.2009 № A-11/423.
      4. Расходы на оплату труда безработных, с 1 мая 2009 года трудоустроенных на социальные рабочие места, оплачиваются в месяц на одного участника за счет целевых текущих трансфертов, выделенных из республиканского бюджета на расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики в размере 15000 тенге и 15000 тенге за счет средств работодателя.
      Сноска. Пункт 3 с изменением внесенным постановлением  акимата Акмолинской области от 08.10.2009 № A-11/423.
      5. Действие пункта 4 настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 1 мая 2009 года.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бекмагамбетова Г.М.
      7. Настоящее постановление акимата Акмолинской области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Акмолинской
      области                                    А.Рау