Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Акмолинская правда" және 2008 жылғы 20 мамырда "Арқа ажары" газеттерінде жарияланған), "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 08 шілдедегі № А-5/288 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдеде "Акмолинская правда" газетінде № 92 және 2008 жылғы 22 шілдеде "Арқа ажары" газетінде № 82 жарияланған), "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № А-6/360 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3271 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 қыркүйегінде "Акмолинская правда" және 2008 жылғы 23 қыркүйегінде "Арқа ажары" газетінде № 108 жарияланған), "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/145 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырдағы "Акмолинская правда" газетінде № 57 және 2009 жылғы 14 мамырдағы "Арқа ажары" газетінде № 65-66 жарияланған), келесі өзгерістер пен толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармағындағы "департаменті" сөзі "басқармасы" сөзімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
реттік нөмірі 21, 23, 24, 49, 50, 51, 52 - жолдарындағы "департаментінің" сөзі "басқармасының" сөзімен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 34, 47 - жолдарындағы "департаменті" сөзі "басқармасы" сөзімен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 22, 26, 39, 40, 46, 56, 63, 64 - жолдары алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 - жолдарымен толықтырылсын: "
83 |
1997 жылы шықғарылған, мемлекеттік нөмірі Z 794 AH ГАЗ 3110 автомашинасы |
Астана қ., Алматы ауданы, Отырар к-сі, 27 |
"Акмолинская правда" газетінің редакциясы ШЖҚ МКК |
84 |
Емханының емдеу корпусының бұрыңғы ғимараты |
Жақсы ауданы, Жаңа Қима к., Больничная к-сі, 1 |
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Жақсы орталық аудандық ауруханасы" МКҚК |
85 |
Ғимарат |
Көкшетау қ., Жамбыл к-сі, 187 |
"Көкшетау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ |
86 |
Екі қабатты балабақша ғимараты (бос тұрған) |
Еңбекшілдер ауданы, Мамай а. |
"Мамай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
87 |
Молодежное ауылындағы клуб ғимараты |
Зеренді ауданы, Самарбай селолық округі, Молодежное с. |
Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мәдениет үйі" МКҚК |
88 |
Техникалық қызмет көрсету пунктінің ғимараты |
Зеренді ауданы, Қонысбай с. |
"Қонысбай селолық округі әкімінің аппараты" ММ |
89 |
№ 8 қазандағы оған іргелес жылумен қамтамасыз ету жүйелермен |
Есіл ауданы, Есіл қ., Энергетиктер к-сі, 8 |
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы "Тепловые сети" ШЖҚ МКК |
".
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі А.Рау