Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N А-3/134 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3250 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2008 жылғы 20 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
реттік нөмірі 13-жолындағы "ВR" әріптері "ВU" әріптеріне ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 57-61 жолдарымен толықтырылсын:
"
57 |
1993 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 314 ВR, Москвич 2141 автомашинасы |
Сандықтау ауданы, Балкашино с., Ленин к-сі, 119 |
"Сандықтау ауданының жер қатынастарды бөлімі" ММ |
58 |
1998 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 042АА Nissan Maxima автомашинасы |
Көкшетау қ., Абай к-сі, 89 |
"Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шаруашылық басқармасы" МКҚК |
59 |
1991 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 404 АА, КаВЗ-3271 автомашинасы |
Көкшетау қ., Абай к-сі, 89 |
"Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шаруашылық басқармасы" МКҚК |
60 |
1995 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 104АА "Chevrolet" автомашинасы |
Көкшетау қ., Абай к-сі, 89 |
"Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шаруашылық басқармасы" МКҚК |
61 |
Клубтың ғимараты |
Жақсы ауданы, Чапай с. |
Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК |
".
2. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі