Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
«Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Арқа ажары» газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 49, 50, 51, 52 - жолдарындағы «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Первомайск балалар психоневрологиялық және тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзушылықтары бар балаларға арналған» МӘМ» сөздері «Астрахан ауданы Первомайск селолық округі әкімінің аппараты» ММ» сөздерімен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 36, 111 - жолдары алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 112-117 - жолдарымен толықтырылсын:
«
112 |
2005 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С175BU, ВАЗ-21213 102 автомашинасы |
Целиноград ауданы, |
«Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің аппараты» ММ |
113 |
2002 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С437 КС, ВАЗ-21213 Нива автомашинасы |
Астрахан ауданы, |
«Астрахан ауданы Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ |
114 |
1993 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С435КС, ГАЗ 31029 «Волга» автомашинасы |
Сандықтау ауданы, Балкашин к. |
Сандықтау ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Сандықтауские вести» аудандық газет редакциясы» ШЖК МКК |
115 |
2000 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С178 КS, ВАЗ-21070 автомашинасы |
Степногорск қ. |
Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ММ |
116 |
Алғабас орта мектептің ғимараты |
Астрахан ауданы, |
«Астрахан ауданының білім бөлімі» ММ |
117 |
Қайнар ауылдық округінің әкімі аппаратының әкімшілік ғимараты |
Астрахан ауданы, |
«Астрахан ауданы Қайнар селолық округі әкімінің аппараты» ММ |
»;
«Қысқарған сөздердің толық атаулары» ескертудегі «МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекемесі» жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі А.Рау