Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-13/534 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 қаңтарда № 3343. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
      «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Арқа ажары» газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
      реттік нөмірлері 49, 50, 51, 52 - жолдарындағы «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Первомайск балалар психоневрологиялық және тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзушылықтары бар балаларға арналған» МӘМ» сөздері «Астрахан ауданы Первомайск селолық округі әкімінің аппараты» ММ» сөздерімен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 36, 111 - жолдары алынып тасталсын;
      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 112-117 - жолдарымен толықтырылсын:
«

112

2005 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С175BU, ВАЗ-21213 102 автомашинасы

Целиноград ауданы,
Ильинка с.

«Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің аппараты» ММ

113

2002 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С437 КС, ВАЗ-21213 Нива автомашинасы

Астрахан ауданы,
Ұзынкөл с.

«Астрахан ауданы Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ

114

1993 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С435КС, ГАЗ 31029 «Волга» автомашинасы

Сандықтау ауданы, Балкашин к.
Абылай-хан к-сі,121

Сандықтау ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Сандықтауские вести» аудандық газет редакциясы» ШЖК МКК

115

2000 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С178 КS, ВАЗ-21070 автомашинасы

Степногорск қ.

Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ММ

116

Алғабас орта мектептің ғимараты

Астрахан ауданы,
Алғабас с.

«Астрахан ауданының білім бөлімі» ММ

117

Қайнар ауылдық округінің әкімі аппаратының әкімшілік ғимараты

Астрахан ауданы,
Қайнар с.

«Астрахан ауданы Қайнар селолық округі әкімінің аппараты» ММ

»;
      «Қысқарған сөздердің толық атаулары» ескертудегі «МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекемесі» жолы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     А.Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады