Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010.01.29 № 1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және дене тәрбиесімен дайындық деңгейін анықтау үшін Егіндікөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурызда Егіндікөл ауданының аумағында тұрақты тұратын, есепке алу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тізімге алынбаған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу ұсынылсын.
2. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тізімге алуды жүргізу кезеңінде әскерге шақыру учаскесі құрылсын, мекен жайы: Астрахан ауданы, Алтынсарин көшесі, 63.
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
1) тізімге алынуға жататын барлық азаматтарға шақыру қағаздарын тапсырсын;
2) әскерге шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
3) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне жеткізу үшін шығарып салушыларды және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу шараларын қолдансын.
4. Меншік түріне қарамай, кәсіпорындар, ұйымдар мен білім беру мекемелерінің басшыларына тізімге алынуға жататын азаматтарды әскерге ақырылушыларды әскери есепке алумен байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа, олардың жұмыс орны мен лауазымын сақтап, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
5. «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
1) тізімге алынудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестірсін;
2) «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзара әрекеттесіп, комиссияның жұмыс кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
6. «Егіндікөл ауданының аудандық емханасы» аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) тізімге алынатын азаматтарды медициналық куаландыру үшін дәрігер-мамандар мен медициналық бикелерді бөлсін.
7. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
1) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдасқан түрде жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) аудан әкіміне әскерге шақырылушылардың әскери есебі туралы хабарласын.
8. Азаматтарды тізімге алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуымен байланысты шығыстар 2009 жылға арналған аудандық бюджетте
қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
9. Егіндікөл ауданы әкімінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 1 «1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде № 1-8-49 тіркелген, 2008 жылғы 20 наурызда аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
10. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
11. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының
әкімі Б.Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
«Ақмола облысы Астрахан
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бірлескен бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Әубәкіров
«Егіндікөл ауданының аудандық
емханасы» аудандық мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері А.Қасенова
«Егіндікөл ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Жұматова
«Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Каппель