Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.10.17 № 11/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Б.Мұхаметжанов
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы Т.Осипова
КЕЛІСІЛДІ:
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая