Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 22/6 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 ақпанда № 1-11-113 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 қазандағы № 11/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.10.17 № 11/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
     1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Мұхаметжанов

      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          Т.Осипова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Есіл ауданының әкімі                       С.Ерин

      Ауданның жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          В.Чернецкая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады