Есіл ауданының селолық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 қазандағы № 11/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 3479 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 16/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 27.02.2013 № 16/13 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл ауданының селолық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Әлеуметтік көмектің, «Қазпочта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы Есіл аудандық пошта байланысы торабындағы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылатындығы анықталсын.
      3. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 22/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-113 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпанда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Казимиров

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады