Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/22 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабындағы 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 7 бабындағы 5-2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 08.10.2013 № А-10/343 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсін.
2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсанындағы № А-13/387 «Жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-12-103 тіркелген, 2009 жылдың 30 қаңтарында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов