Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-12/433 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № А-10/343 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қарашада № 3869 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/22 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1 бабы 34 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарқайың ауданы әкімдігінің «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-12/433 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-121 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 ақпанда аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесінде «Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына» сөздері «Заңына» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады