Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерге сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Зеренді ауданы әкімінің «2009 жылы Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 29 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-14-91 тіркелген, «Зеренді» газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Сағдиев
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Зеренді ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Бражанов Т.Ә.