«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 2 шілдедегі Шубар ауылының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шубар ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшесіне - Мұхтар Әуезов атауы, № 2 көшесіне - Мұқағали Мақатаев атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Қоянды ауылдық
округінің әкімі Д.Б.Сүгірәлиев
КЕЛІСІЛДІ:
Мемлекеттік мекемесі
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің» бастығы Ш.Өтегенова
Мемлекеттік мекемесі
«Целиноград аудандық
сәулет және қалақұрылыс
бөлімінің» бастығы А.Сағымбаев