Шубар ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 тамызда № 1-17-96 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 2 шілдедегі Шубар ауылының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Шубар ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшесіне - Мұхтар Әуезов атауы, № 2 көшесіне - Мұқағали Мақатаев атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Қоянды ауылдық
      округінің әкімі                            Д.Б.Сүгірәлиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мемлекеттік мекемесі
      «Целиноград ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімінің» бастығы                  Ш.Өтегенова

      Мемлекеттік мекемесі
      «Целиноград аудандық
      сәулет және қалақұрылыс
      бөлімінің» бастығы                         А.Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады