Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымының тізбесі туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № А-1/35 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 наурызда № 1-18-68 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № А-10/256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № А-10/256 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбеккодексінің 18 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылдың 30 қаңтарындағы № С-12/19 «Жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларындағы мамандардың лауазымдық тізімін келісу туралы» шешімі негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқық қатынастарға таралады.
      3. Шортанды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № А-3/222 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымының тізбесі туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде 2008 жылдың 24 желтоқсанында № 1-18-61 тіркелген, 2009 жылдың 17 қаңтарында № 2 «Вести», 2009 жылдың 17 қаңтарында № 2 «Өрлеу» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      С.Қамзебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Білім беру бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің (әрі қарай -ММ) бастығы        М.Атабаев

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
      ММ бастығы                                 Т.Бартош

      Шортанды ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ бастығы                         Ж.Мұнтаева

      Шортанды ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      ММ бастығы                                 О.Мут

      Шортанды ауданының
      мәслихатының хатшысы                       Г.Скирда

Шортанды ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 17 ақпандағы
№ А-1/35 қаулысына   
қосымша        

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 21.01.2013 № А-1/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Білім беру мамандарының қызметтері: директор, қосымша білім беру мекемесінің директоры, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, медбике, педагог-психолог, аға тәрбиеші, білім беру мекемесінің барлық мамандық түрлері бойынша мұғалімдер, тәрбиеші, әдіскер, кітапханашы, мектепке дейінгі мекемедегі ән-күй жетекшісі, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалім, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, ән-күй жетекшісі, өндірістік оқу шебері, логопед, емдәм бикесі.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің басшысы, жұмыспен қамту орталығының маманы, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
      3. Мәдениет мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, бөлімшенің бастығы (сектор, бөлімше (бөлім), бөлімнің бір буыны, филиал), сурет жетекшісі, методист, үйірме жетекшісі, ән-күй жетекшісі, режиссер, аккомпаниатор, әрлеуші суретші, библиограф, кітапханашы, Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл мұғалімі.

О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности

Постановление акимата Шортандинского района Акмолинской области от 17 февраля 2009 года № А-1/35. Зарегистрировано Управлением юстиции Шортандинского района Акмолинской области 30 марта 2009 года № 1-18-68. Утратило силу постановлением акимата Шортандинского района Акмолинской области от 14 ноября 2014 года № А-10/256

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Шортандинского района Акмолинской области от 14.11.2014 № А-10/256 (вступает в силу со дня подписания).

      В соответствии со статьей 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, на основании решения Шортандинского районного маслихата от 30 января 2009 года № С-12/19 «О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки» акимат Шортандинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, согласно приложению.
      2. Настоящее постановление распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2009 года.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Шортандинского района от 27 ноября 2008 года № А-3/222 «О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности» (зарегистрированное в региональном Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-18-61 от 24 декабря 2008 года, опубликованное в районных газетах «Вести» 17 января 2009 года № 2, «Өрлеу» 17 января 2009 года № 2).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Шортандинского района Игнатова В.П.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции Шортандинского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким
      Шортандинского района                      С.Камзебаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения (далее - ГУ)
      «Отдел образования»
      Шортандинского района                      М.Атабаев

      Начальник ГУ«Отдел культуры
      и развития языков»
      Шортандинского района                      Т.Бартош

      Начальник ГУ «Отдел занятости
      и социальных программ»
      Шортандинского района                      Ж.Мунтаева

      Начальник ГУ «Отдел экономики
      и бюджетного планирования»
      Шортандинского района                      О.Мут

      Секретарь Шортандинского
      районного маслихата                        Г.Скирда

Приложение      
к постановлению акимата
Шортандинского района
от 17 февраля 2009 года
№ А-1/35     

Перечень должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности

      Сноска. Приложение в редакции постановления акимата Шортандинского района Акмолинской области от 21.01.2013 № А-1/7 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Должности специалистов образования: директор, директор организаций дополнительного образования, заведующий дошкольной организацией, заместитель директора по учебной работе, заместитель директора по воспитательной работе, медицинская сестра, педагог-психолог, старший вожатый, учителя всех специальностей организаций образования, воспитатель, методист, библиотекарь, музыкальный руководитель детских дошкольных организаций, преподаватель-организатор начальной военной подготовки, культорганизатор, аккомпаниатор, музыкальный руководитель, мастер производственного обучения, логопед, диетическая сестра.
      2. Должности специалистов социального обеспечения: руководитель государственного учреждения, специалист центра занятости, социальный работник по уходу.
      3. Должности специалистов культуры: руководитель государственного учреждения и казенного предприятия, руководитель подразделения (сектора, отделения (отдела), подразделения, филиала), художественный руководитель, методист, руководитель кружка, музыкальный руководитель, режиссер, аккомпаниатор, художник-оформитель, библиограф, библиотекарь, учитель государственного языка государственного учреждения «Центр обучения государственному языку» отдела культуры и развития языков Шортандинского района.