Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № А-10/256 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбеккодексінің 18 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылдың 30 қаңтарындағы № С-12/19 «Жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларындағы мамандардың лауазымдық тізімін келісу туралы» шешімі негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқық қатынастарға таралады.
3. Шортанды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № А-3/222 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымының тізбесі туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде 2008 жылдың 24 желтоқсанында № 1-18-61 тіркелген, 2009 жылдың 17 қаңтарында № 2 «Вести», 2009 жылдың 17 қаңтарында № 2 «Өрлеу» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының
әкімі С.Қамзебаев
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Білім беру бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің (әрі қарай -ММ) бастығы М.Атабаев
Шортанды ауданының
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
ММ бастығы Т.Бартош
Шортанды ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы Ж.Мұнтаева
Шортанды ауданының «Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
ММ бастығы О.Мут
Шортанды ауданының
мәслихатының хатшысы Г.Скирда
Шортанды ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 17 ақпандағы
№ А-1/35 қаулысына
қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 21.01.2013 № А-1/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Білім беру мамандарының қызметтері: директор, қосымша білім беру мекемесінің директоры, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, медбике, педагог-психолог, аға тәрбиеші, білім беру мекемесінің барлық мамандық түрлері бойынша мұғалімдер, тәрбиеші, әдіскер, кітапханашы, мектепке дейінгі мекемедегі ән-күй жетекшісі, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалім, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, ән-күй жетекшісі, өндірістік оқу шебері, логопед, емдәм бикесі.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің басшысы, жұмыспен қамту орталығының маманы, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
3. Мәдениет мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, бөлімшенің бастығы (сектор, бөлімше (бөлім), бөлімнің бір буыны, филиал), сурет жетекшісі, методист, үйірме жетекшісі, ән-күй жетекшісі, режиссер, аккомпаниатор, әрлеуші суретші, библиограф, кітапханашы, Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл мұғалімі.