Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № А-10/255 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылдың 20 желтоқсандағы № С-12/9 «Жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларындағы мамандардың лауазымдық тізімін келісу туралы» шешімі негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымының тізбесі туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № А-1/35 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-68 тіркелген, 2009 жылдың 11 сәуірінде аудандық № 14 «Вести» газетінде және 2009 жылдың 11 сәуірінде аудандық № 14 «Өрлеу» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № А-1/35 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымының тізбесі туралы» қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев
Шортанды ауданы әкімдігінің
2013 жылдың 21 қаңтардағы
№ А-1/7 қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Білім беру мамандарының қызметтері: директор, қосымша білім беру мекемесінің директоры, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, медбике, педагог-психолог, аға тәрбиеші, білім беру мекемесінің барлық мамандық түрлері бойынша мұғалімдер, тәрбиеші, әдіскер, кітапханашы, мектепке дейінгі мекемедегі ән-күй жетекшісі, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалім, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, ән-күй жетекшісі, өндірістік оқу шебері, логопед, емдәм бикесі.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің басшысы, жұмыспен қамту орталығының маманы, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
3. Мәдениет мамандарының қызметтері: мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, бөлімшенің бастығы (сектор, бөлімше (бөлім), бөлімнің бір буыны, филиал), сурет жетекшісі, методист, үйірме жетекшісі, ән-күй жетекшісі, режиссер, аккомпаниатор, әрлеуші суретші, библиограф, кітапханашы, Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл мұғалімі.