Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 9 шешімі бойынша, Бозайғыр ауылы тұрғындарының пікірі есебімен, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылының көшелеріне атау тағайындалсын:
1) № 1 көшесіне – Болашақ көшесі;
2) № 2 көшесіне – Береке көшесі.
2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Бозайғыр ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы Т.Мұқышев
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Байтоқанов
Шортанды ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош