Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылының көшелеріне атау тағайындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 63 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қарашада № 1-18-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 9 шешімі бойынша, Бозайғыр ауылы тұрғындарының пікірі есебімен, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылының көшелеріне атау тағайындалсын:
      1) № 1 көшесіне – Болашақ көшесі;
      2) № 2 көшесіне – Береке көшесі.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Бозайғыр ауылдық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т.Мұқышев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е.Байтоқанов

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Бартош

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады