Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 09.08.2013 № 261 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысына Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 369 қаулысына (2007 жылғы 30 мамырда Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінде № 3207 тіркелген "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2007 жылғы 12 маусымда № 72, 2007 жылғы 10 маусымда № 85 жарияланған) енгізілген өзгерістерді ескере отырып (2007 жылғы 3 желтоқсанда Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінде № 3230 тіркелген "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2007 жылғы 20 желтоқсанда № 154, 2007 жылғы 20 желтоқсанда № 155 жарияланған) мынадай толықтыру және өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауына "балалары бар отбасыларға" деген сөздерінен кейін "және I, II, III топтағы мүгедектерге" сөздерімен толықтырылсын.
қаулының 1 тармағына "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға" деген сөздерден кейін "әлеуметтік жәрдемақы алып отырған I, II, III топтағы жалпы аурулардан, бала кезінен, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне";
қаулының 2, 3 тармағындағы "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға" және "мүгедек-бала" деген сөздер алынып тасталсын;
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов