Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және I, II, III топтағы мүгедектерге қосымша көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 30 мамырда № 3207 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 09.08.2013 № 261 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009.03.13 N 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтанқараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы алып отырған I, II, III топтағы жалпы аурулардан, бала кезінен, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне ай сайын әлеуметтік төлемдер бөлу түрінде қосымша көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009.03.13 N 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтанқараңыз) қаулысымен.
      2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері, әрбір 3000 теңге сомасында белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009.03.13 N 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтанқараңыз) қаулысымен.
      2-1. Алынып тасталды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2007.11.16 N 369 қаулысымен.
      3. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті" ММ (Қ.М.Әлімов) әлеуметтік төлемдер төлеуге қаржы қарастырсын және осы қаулыны орындау бойынша өзге де шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009.03.13 N 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтанқараңыз) қаулысымен.
      4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады