Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013.01.24 № 114 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы N 148 Заңының 6 бабына және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда Ақтөбе қаласының базарларында тауарлар сататындар үшін бір жолғы талондар бағасын белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қантардағы N 127, Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпандағы N 3-1-104 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурыздағы N 28 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған шешімінің 2 қосымшасының 8 тармағы алынып тасталсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы" ММ бастығы С.М.Лиге жүктелсін.
3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы Р. Есмағамбетов
Мәслихат хатшысы С. Шынтасова