"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына , 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының орталығындағы атаусыз көшесі Бөкенбай батыр;
"Заречный - 2" поселкесінің атаусыз көшесі Қайдауыл батыр;
"Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы" ауданының аумағындағы атаусыз көшесі Сақтаған Бәйішев;
Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Ақжар ауылының атаусыз көшелері:
"Береке" және "Бірлік" болып аталсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Заречный - 1" поселкесінің көшелері:
Энтузиастов көшесі - Жауынгер - интернационалистер көшесі;
Новая көшесі - Федор Озмитель көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі |
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Мұхамбетов | М. Өндіргенов |