РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыру аумағы болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Үмбетов