Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 1 тармағындағы 2) тармақшасын және 7 бабының 5) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 670 қаулысы(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 21 (10-28) аудандық «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
4 тармағындағы «13 470» деген сан «20 205» санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауданының Әкімі М. Жолдасбаев