2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімиятының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 670 қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 06 ақпанда 72 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы 5 тармағына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымындағы № 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі" негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес анықталсын.
      3. "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасын.
      4. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджет есебінен, "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталған 20205 теңге еңбекақы көлемінде жүргізілсін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық әкімдігінің 2009.04.27 № 207 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай ауданының Әкімі                    М. Жолдасбаев

Қордай ауданы әкімиятының
2008 жылғы 29 желтоқсанындағы
№ 670 қаулысына 1 қосымша

2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың
тізбесі

      1. "Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      2. "Отар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      3. "Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      4. "Степной ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      5. "Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      6. "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      7. "Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      8. "Алға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      9. "Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      10. "Қақпатас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      11. "Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      12. "Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      13. "Масаншы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      14. "Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      15. "Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      16. "Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      17. "Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      18. "Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      19. "Ауқатты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      20. "Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      21. "Балауса" балалар сауықтыру лагері мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
      22. "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      23. "Қордай ауданы әкімиятының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
      24. "Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қордай ауданы әкімиятының
2008 жылғы 29 желтоқсанындағы
№ 670 қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Сұ-
ра-
ныс

Ұсы-
ныс

Қоғамдық
жұмыс
түрлері

Атқарылатын
жұмыстың көлемі

Нақты жағдайлары

1

20

20

Халыққа көмек
көрсету

Толық емес жұмыс
күні жағдайында
және икемді
график бойынша,
жұмыс мерзімі 6
ай

Ұлы Отан соғысының
мүгедектері мен
қатысушыларына,
жалғызбастыларға және
тұрмысы төмен
азаматтарға атаулы
әлеуметтік көмек алуға
қажетті құжаттарын
рәсімдеуіне көмектесу

2

2

2

Ауылдық
округтердегі
шаруашылық
кітаптарын
белгілеу және
нақтылау

Толық емес жұмыс
күні жағдайында
және икемді
график бойынша
жұмыс мерзімі
2-3 ай

Шаруашылық
кітаптарындағы
мәліметтерді нақтылау
үшін, әр ауланы
аралап шығу

3

14

14

Көркем
безендіру және
қайта жаңғырту
жұмыстары

Толық емес жұмыс
күні жағдайында
және икемді
график бойынша
жұмыс мерзімі
2-3 ай

Ауданның ауылдық
округтері бойынша
стенділерді,
плакаттарды және
атаулы белгілерді
көркем безендіру,
қайта жаңғырту
жұмыстарын жүргізу

4

15

15

Ағымдық және
күрделі
жөндеулер

Толық емес жұмыс
күні жағдайында
және икемді
график бойынша
жұмыс мерзімі
2-3 ай

Әлеуметтік-мәдени
нысандардың
(мектептердің,
мәдениет үйлері,
әкімшілік
ғимараттарының)
ағымдық жөндеуі.

5

2

2

Нысандарды
күзету

Толық емес жұмыс
күн жағдайында
және икемді
график
бойынша, жұмыс
мерзімі 6 ай

Нысандарды күзету

6

37

37

Ауданның,
ауылдық
округтерінің
аймақтарын
көгалдандыру
және
көріктендіру

Толық емес жұмыс
күні жағдайында
және икемді
график бойынша,
жұмыс мерзімі 6
ай

Қоқыстан тазарту, гүл
отырғызу, суғару, арам
шөптерден тазарту, тал
ағаштарын отырғызу
және суғару.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады